Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл - АРҚА АЖАРЫ

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құрметіне «Мәңгілік ел –мәртебелі тіл» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілген мүшәйраның ашылу салтанатында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин сөз сөйлеп, ақындарға сәттілік тіледі.

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру, сондай-ақ қазақ тілінің байлығы, көркемдігін өлең-жырмен өрнектеп көрсету мақсатында ұйымдастырылған мүшәйраға байқау шарты бойынша 18 жастан асқан қырық шақты ақын қатысуға ниет білдірсе, соның ішінен қазылар алқасының ұйғарымымен 10 ақынның ғана өлеңдері таңдалып алынды.
Әрқайсысының өзіндік бір әлемі, қолтаңбасы бар ақындар мүшәйрасын бұландылық Жайнарбек Зандыбай «Тәуелсіздігімізді мойындамайтындарға» атты отты өлеңімен ашса, атбасарлық жарымжан азамат Бағдат Бөлекбаевтың өлеңін өзі келе алмағандықтан, облыстық тілдерді дамыту басқармасының маманы оқып берді. Макинск қаласынан келген Тамара Барышникова, степногорлық Татьяна Лихачевалардың орыс тіліндегі өлеңдері өзіндік мәнерімен көрермендердің көңілінен шықты. Ал, ақкөлдік қаламгер Серік Екпіннің «Қазақ тілінің үні» атты өлең жолдарында тілге қатысты біраз мәселелер әдемі ұйқастармен өріліпті. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде білім алып жүрген Күләш Нысанбектің жырынан жаңаша қалып пен ұйқастарды аңғара алдық. Нұргүл Нұрбайқызының да «Толғаныс» деген туындысы көңілден шықты.
Негізінен, мүшәйраға ұсынылған өлеңдердің басым көпшілігі фольклорлық сарында, қара өлең ұйқасымен 7-8 буынды қамти отырып жазылған. Тәуелсіздікпен тетелес жас толқынның жыр жолдарын тыңдағанда, бойға қуат, қажыр-қайрат, жігер, батылдық, мақтаныш сезімдері ұялап, еркін елдің жастары осындай болуы керек деген ой түйдік.
Ақынды ақын ғана бағалайды демекші, облыстық тілдерді дамыту басқармасы мүшәйраға қатысқан ақындарға сыйлыққа «Блэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын алыпты. Атап айтқанда, бас жүлде иегеріне 150 мың теңге тұратын қазақы үстел, бірінші орынға  120 мың теңгенің домбырасы, екінші орынға 90 мың теңгенің екі қазақы сандығы,  үшінші орын алғандарға 70 мың теңгенің үш бесігі және ынталандыру сыйлықтарына әрбіреуі 50 мың теңгені құрайтын астаулар табыс етілді.
Қазылар алқасының ұйғарымымен  бас жүлдені «Бұланды таңы» газетінің тілшісі Жайнарбек Зандыбай (суретте) жеңіп алды. Бірінші орынды «Көкше» академиясының студенті Ақынбай Сәрсенби иеленді, жүлделі екінші орынды Степногорск қаласынан қатысқан Татьяна Лихачева мен көкшетаулық Нұргүл Нұрбайқызы өзара бөлісті. Ал, үшінші орынға атбасарлық Бағдат Бөлекбаев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 1 курс студенті Күләш Нысанбек және Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің 3 курс студенті Еламан Дагиман ие болды. Сонымен қатар, ақкөлдік Серік Екпін, бұландылық Тамара Барышникова мен көкшелік Нұртуған Серік ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Суретті түсірген
Ермұрат ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар