Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүмкіндігі мол сала - АРҚА АЖАРЫ

Мүмкіндігі мол сала

Мемлекет басшысы әлемдік көшбасшылардың арасында бірінші болып жақындап келе жатқан және барлығы айтып жүрген жаһандық саяси-экономикалық құрылымдық дағдарысқа қарсы өзінің саяси тұжырымдамасын ұсынып отыр.

Ұлттық қор қаржысын тиімді жұмсаудың жолдарын көрсетіп берді. Осы орайда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің көрегенділігімен шағын және орта бизнеске баса мән беріп отырған жайы бар. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде мұндай шешімнің пайдасы зор екенін дәлелдеуде. Мәселен, шағын және орта бизнес секторында ондаған жаңа жұмыс орны қалыптасады. Дамыған елдерде өнімдер үлесі ІІӨ-нің 50-ден 80 пайызын құрайды. Осы орайда, қазақстандықтар үшін аса маңызды өмірлік сала, яғни шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлінбекші. Ал, 2015 жылы банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін проблемасы жетерлік несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру керек деп атап өтті.  Бұл ұлттық қордан 100 миллиард теңгенің қосымша бөлінуі еліміздегі ішкі жалпы өнімдегі кәсіпкерлік үлесінің артуына зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл өңірде жаңа кәсіпорындар мен қосымша жұмыс орындарының ашылуына да септігін тигізетіні сөзсіз.
Ал, қиын экономикалық жағдайда бизнеске несиенің қолжетімді болуы да өте маңызды қадам болып табылады. Осыдан-ақ, Елбасының көрегендігін байқауға болады. Осы тұрғысынан алғанда барша ақмолалық кәсіпкерлер Жолдауды бірауыздан қолдайтынын және ондағы міндеттерді жүзеге асыруға атсалысатынына сенімім мол.
Қазірдің өзінде облыста шағын және орта бизнестің белсенді 30 мың субъектісі тіркелген. Шағын және орта бизнестегі облыс тұрғындарының экономикалық белсенділігі 2012 жылдармен салыстырғанда 24,7 пайыздан 29,3 пайызға өскен. Дегенмен кәсіпкерлік саласында кедергілерде жоқ емес. Ағымдағы жылы біздің кәсіпкерлік палатасына кәсіпкерлерден 128 арыз-шағым түсті. Бүгінгі күні оның 78-і қаралып, оң шешім шығарылды. Кәсіпкерлерден келіп, түскен арыз-шағымдардың көбі жер теліміне, салық және мемлекеттік органдардың қызмет көрсету сапасына қатысты болып отыр. Сондықтан, биылғы Жолдауда айтылған ауқымды міндеттер осындай келеңсіздіктердің алдын алып, өңірде кәсіпкерліктің дамуына оң серпін беретініне сенім ұялатып отыр.
Біздің Мемлекет басшымыз бүгінде құрылымдық дағдарысқа қарсы тұру мен оның салдарын жеңілдету және бұдан ары қарай даму бойынша өзінің нақты тұжырымын жасаған әлем елдеріндегі бірінші Көшбасшы. Осы орайда, Президент нақты 7 шараны ұсынды. Бұлар өз кезегінде әлемдік тұрақсыздық кезеңін лайықты деңгейде еңсеруге мүмкіндік береді. Олар негізінен классикалық шешімдер, яғни, ішкі мемлекеттік инвестицияларды арттыру, экономикаға қолдау жасау болып табылады. Мұндағы басты мақсат – дағдарыс қарсаңында экономикалық өсімнің қарқынын сақтап қалу. Өсім болмаса да, осы қарқынды ұстап қалуға қауқарлы болудың амалын жасау маңызды.
Президент өзінің Жолдауында «Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек» деп бекер айтқан жоқ. Ұлы Жібек жолы бойында дәулетті қалалар болғанын тарихтан білеміз. Транзит есебінен олардың дәулеті артты. Тауар мен қаржы айналымы әрқашан да дамуды қамтамасыз етеді. Осы орайда Мемлекет басшысының парасаттылығы мен көрегендігін байқап отырмын. Қазақстан Президентінің Жолдауы экономикалық және әлеуметтік, сондай-ақ, геосаясат тұрғысынан алып қарағанда барлық қазақстандықтарды батыл қадам жасауға шақырып тұрған салиқалы құжат, осы міндеттердің орындалуы болашағымыздың нұрлы болуының кепілі дей аламыз.

Уәлихан ҒАБДУЛЛИН,
Ақмола облыстық кәсіпкерлер
палатасының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар