Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасы одан әрі іске асырылуда.
Ақмолалықтар өткен он айда 52 мың тонна сүт өнімдерін жеткізді. Бұл Астана қаласы тұрғындары қажеттілігінің 36,4 пайызы. Осы мерзім ішінде 17,6 мың тонна ет пен 161 миллион тонна жұмыртқа іске асырылды.
Бүгінгі таңда Астанаға өнім жеткізумен облыс бойынша 128 кәсіпорын айналысса, соның 77-сі мал өсіреді. Құс өсіретін 4, картоп пен көкөніс өсіретін 13 ұжым да ортақ іске сүбелі үлес қосуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың да бұл орайдағы жұмысы айтарлықтай. Елордаға жеке қосалқы шаруашылықтар да өз өнімдерін саудаға шығарады. Бұларда өңірдегі мал басы санының 70 пайызға жуығы бағылуда. Жыл аяғына дейін еліміздің бас қаласына барлығы 19,1 мың тонна ет, 6932 мың тонна сүт өнімдері және 213,8 миллион дана жұмыртқа жеткізіледі деп күтілуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.