Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәңірдің ұлы сыйы - АРҚА АЖАРЫ

Тәңірдің ұлы сыйы

Елбасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында халқымызға «Тәуелсіздік толғауын» арнады.

Елбасы  сөзіндегі «Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге қарыздармыз» деген  ерекше мән мен мағынаға толы сөз барша қазақстандықтардың ұранына айналуы тиіс.  Осы айтулы күнге жету үшін елім, жерім деген небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.  Исатай мен Махамбеттердің ұлт-азаттық көтерілістерінде халқымыз патшалық Ресейдің озбыр саясатына қарсы тұра білді.
Бұл оқиғалар қазақ тарихындағы сан күрестің соңы емес еді. Сондай-ақ, ұлы жұт пен саяси қуғын-сүргіннің құрбанына айналған қаншама боздақтың да аттары егемен елдің тарихында алтын әріптермен жазылуға тиіс. Қазақ қоғамының қаймағы болған Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сынды ерлеріміз де ұлттық мемлекеттік идеяның жолында қудалауға ұшырады. Кейін орын алған Ұлы Отан соғысы еліміздің әр азаматын «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға» мүдделі етті.
Ал, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында өжеттігімен көзге түскен халқымыздың аяулы перзенттері Қайрат, Ләззат сияқты аға-апаларымыздың да аңсағаны осы азаттық еді. Тағдырдың қатал сынағынан өткен небір асылдарымыздың жанқиярлық ерлігінің арқасында біздің барлығымыз осындай заманда өмір сүру бақытына ие болдық. Демек, сан зұлматты бастан өткерген елімізге тәуелсіздік Тәңірдің ұлы сыйы. «Тәуелсіздік толғауын» тыңдағанда мен осындай ой-тебіреністе болдым.

Марат ӨТЕГЕНОВ,
Шоқан Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университетінің
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар