Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Табысымыз айшықталды - АРҚА АЖАРЫ

Табысымыз айшықталды

Достық үйінде «Жайнай бер, тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыппен Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара болып өтті.

Осынау жиынның мақсаты еліміздің егемендік алғаннан кейін бағындырған белестерін насихаттап, өскелең ұрпақты өзара құрмет пен отансүйгіштікке баулу болды.
Жиында сөз алған Көкшетау қаласының құрметті азаматы, облыстық триатлон федерациясының президенті, құрметті құрылысшы Айдар Мурзин тәуелсіздік жылдары еліміздің гүлденуі үшін қыруар жұмыс атқарылғанын жеткізді. Жиында мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары, «Ерлігі үшін» медалінің иегері  Айдын
Жоламанов та  сөз сөйлеп, жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтады. Суға батып жатқан адамды құтқарған №1 орта мектебінің оқушысы Андрей Семеновқа орыс қауымы мен  облыстық «Акмолинские вести» газеті Алғыс хат пен ақшалай сертификат табыс етті.
Шарада Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, жеңіл атлетикадан спорт шебері, Оңтүстік Кореядағы Бүкіләлемдік универсиада мен 2014 жылғы Азиада ойындарына қатысушысы Кирилл Агоев  сөз сөйлеп,  егемен еліміздің атынан жарыстарға қатысудың өзі ол үшін үлкен мәртебе екендігіне тоқталды. Кеш барысында этномәдени бірлестіктердің төрағалары да сахнаға шығып, отырғандарды тұғыры биік тәуелсіздік күнімен құттықтады. Жиын соңында көрермендер назарына концерт ұсынылды.

Желтоқсан желі

Облыстық ішкі саясат басқармасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу ұйымдастырылды.

 Жиынға желтоқсаншылар  Мұрат Асаров, Гүлмайра Райымқұлова, Дәуіт Сүгірәлиев, Айдар Қожабаев, Еркін Есілбаев, Төлеген Ерден, Ибрагим Балтабай келді. Кешті облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева ашып,  қонақтарға өзінің  алғысын білдірді.
̶   Тәуелсіздік күні  мерекесінде желтоқсан оқиғасына қатысушыларға көрсетілген құрметіміз айрықша болуға тиісті. Бұл күнді әсте ұмытуға болмайды. Демек, Елбасының «Желтоқсанға қатысушыларға ең үлкен құрмет – бұл олардың істерін әрқашан есте сақтау» деген қанатты сөзі   әрдайым жадымызда болу қажет.Тәуелсіздік мерекесін тойлау біздің халқымыз үшін, біздің болашақ ұрпағымыз үшін үлкен жетістік, – деді ол.
Cондай-ақ, жиын барысында сөз сөйлеген Мұрат Асаров желтоқсан оқиғасының мән-маңызын баяндап, желтоқсаншылармен  жиындарды жиі ұйымдастырып,  ата-бабамыз аңсаған  азаттықты баянды ету жастардың басты міндеті екенін жеткізді. Ал, желтоқсаншы Ерден Төлеген өздері мүше болып отырған «Желтоқсан ақиқаты» қозғалысына облыс әкімдігі  телефоны бар бөлме бөліп берсе деген уәжін айтты. Сол уақытта, жастармен тәрбиелік іс-шаралар өткізу мүмкіндігі зор болатынын алға тартты.
Отырыс соңында желтоқсаншылар облыстық ішкі саясат басқармасының тарапынан Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталып, естелік фотосуретке түсті.

Ойлы пікірлер ортаға салынды

Мереке алдында Достық үйінде «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан ̶ кеше, бүгін және ертең» тақырыбында пікір алаңы ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға қоғамдық бірлестік төрағалары мен мектеп ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Олар ең алдымен, ел тарихындағы елеулі оқиғалар жайлы бейнебаянды тамашалап, ондағы сюжеттерге қатысты әңгіме өрбітті. Осы орайда, №6 орта мектебінің оқушысы Ақторғын Кәрібаева жастардың бойында патриоттық сезім басым болу қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ, аға ұрпақ сияқты тағдырдың тауқыметін көрмеген өз тұстастарын ел егемендігін бағалауға шақырды. Елдің гүлденуіне негіз болатын келелі міндеттер жөнінде сөз қозғады.
Ал, жиынға қатысқан ақын Сырым Рақымов еліміздің азаттыққа жетудегі ілкі қадамдарын әңгімеге арқау қылды. Ол тәуелсіздігімізді баянды етуде ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Сөзінің соңында ол бір топ авторлық өлеңдерін оқып берді.
Пікірлесу алаңына қатысқан оқушылар егемендік ұғымы жайында өз ойларын ортаға салып, еліміздің гүлденуі жастардың қолында деген тұжырымға келді.
Топтаманы ұйымдастырған Ырысгүл АШУОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар