Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір мақсатқа топтасқан елдің болашағы жарқын - АРҚА АЖАРЫ

Бір мақсатқа топтасқан елдің болашағы жарқын

Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты жөніндегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жұрт көңілінен шыққаны  рас. Елбасы өз сұхбатында айтқанындай, бұл дер кезінде жасалған қадам болып шықты.

Бұған дейін де Ұлттық қор жөнінде зиялы қауым өкілдері өздерінің әр түрлі пікірлерін білдірген еді. Тіпті, кейбіреулері ондағы қаржыны халыққа бөліп берейік деді. Ал, көреген Ұлт Көшбасшысы бұл қаржыны экономикалық жағдайымызға орынды әрі тиімді жұмсай білетінін тағы да бір паш етті. Оны біз атаулы сұхбатта жете түсіндік. Қазақстан халқы өздерінің тағдырын сеніп тапсырған Елбасына сенеді. Әлемдегі келеңсіз жағдай барлық мемлекеттердің экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Ал, халқының ертеңгі күнін ойлаған біздің Президентіміз экономикалық дағдарыстың алдын ала білді. Көлік инфрақұрылымын жөнге келтіру дана халқымыздың «Бармасаң, келмесең туғаныңмен де жат боласың» деген нақыл сөзіне саяды. Өйткені, адамдар мен мемлекеттер жолсыз бір-бірімен қатынаса алмай, экономикалық қарым-қатынастан қол үзеді. Әзірше осы жолдарды салуға бизнес өкілдерінің күші жетпей отырғанын, оны жағдайы бар мемлекет қолға алып отырғанын көріп отырмыз. Кеңес заманында жолдардың бәрі Ресейге қарай салынды. Еліміздің солтүстігі мен батысы арасында жол болмады. Бүгінгі таңда бұл проблема шешілді. Темір жол бойында елді мекендер пайда болды. Сондай-ақ, Алматыдан Өскеменге барудың өзі бір қиямет еді. Осыған байланысты Шар станция-сынан және Екібастұздан Өскеменге тікелей темір жол тартылды. Сондай-ақ, Жетісайдан Шымкентке тура келу үшін жағдай жасалды. Кейін бірқатар қалалар арасындағы темір жол құрылысы аяқталды. Жол – экономиканың күре тамыры, адамдардың өзара қарым-қатынасы, өңірлердің Астанамен және облыстардың бір-бірімен байланысы десек, «Нұрлы жол» айқындаған көлік мәселесі – басты басымдылық бағыт. Салынған жолдар біздің ұрпақтарымызға сан ғасыр бойы қызмет етеді.
Алдағы уақытта Қазақстан кәсіпкерлері халық тұтынатын тауарлардың барлығын шығарады деген сенімдеміз. Бұл дағдарысқа қарсы негізгі шара болып отыр. «Нұрлы жол» тек қана жолдар мен электр желілерін емес, жаңа электр станцияларын, сондай-ақ, тұрғын үй, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарын да қамтиды. Елбасымыз өз сөзінде мемлекеттің қуатын нығайту үшін шағын және орта бизнесті дамыту қажет деп үнемі айтады. Бұл сала дамыса, жұмыссыздық мәселесі шешіледі. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін көптеген жаңа зауыттар салынды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», – демекші, бәріміз біріксек, «Нұрлы жол» бағдарламасы  тез арада жүзеге асады.

Жомарт ДОСМҰҚАНОВ,
зейнеткер.
Атбасар қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар