Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек адамы құрметке лайық - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек адамы құрметке лайық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, оларға берген сұхбатын зейін қоя тыңдадым. Сондағы «Қазақстан» ұлттық телеарнасының журналисі қозғаған еңбек адамы жөніндегі тақырыпты Елбасымыз тәуелсіздік пен еңбек атты екі ұғымды бір-бірімен ұштастырып, жалпақ тілмен түсіндіріп берді.

Сонау өтпелі кезеңдердегі қиындықтарды бас-тарынан өткерген біздің ауыл тұрғындарының көбі бірнеше жыл бойы жұмыссыз отырып қалған болатын. Сол тұста мектеп мұғалімдері ғана еңбекақы алып, күн көрді. Бала бақшадан бас-тап, барлық мекемелер тарады. Кейбір отбасылар жұмыстың жоғынан ауылдан көшіп те кетті. Абырой болғанда, ауылдың іргесінде екі жерден алтын шахталары ашылып, бірнеше жыл бойы үйде
отырып қалған әр шаңырақтың ер азаматтары соған жұмысқа орналасуға тырысты. Сол уақытта ауыл азаматтарының бұл қоғамға еңбек адамы қажет емес екен-ау деп налыған кездері де болған-ды. Дегенмен, уақыт талабы мен нарық дамуының арқасында жұмыс қолының қажеттігі туындап отыр. Алтын шахталарының басшылары біздің мектепке мерекелер сайын демеушілік жасап тұрды. Сол қолдауларын жалғастырады деген сенімдемін. 
Шынымен еңбек адамды өсіреді. Еңбек адамды өзіне сенімді етеді. Еңбек адамға табыс, сенім береді. Еңбексіз адам арманына жете алмайды. Бүгінде бізде жұмысшы адамға қатысты қате түсінік бар екені анық. Жастардың көбі қаржыгер, заңгер сияқты мамандықтарды таңдайды, ал, қатардағы жұмысшы болуды қаламайды. Сол себептен, қазір олардың басым көпшілігі жұмыссыз жүр. Біздің ауыл іргесінде орналасқан шахталарға химия саласын, техникалық білімді меңгерген мамандар ауадай қажет. Елімізде мұндай мамандық иелері аз болғандықтан, олар сырттан шақыртылуда. Сол себептен, ауылымыздың жастарына техникалық білім алғандарың жөн деп бағыт-бағдар беріп отырамыз.
Бүгінде ауылымызда бір мыңға жуық тұрғын бар. Десек те, жұмыссыздар саны әлі де азаймай тұр. Ал, шахталарда еңбек ететін адамдардың  орташа жалақысы 70 мың теңгені  құрап отырған жайы бар.
Елбасы тәуелсіздікті алу бар және оны сақтап қалу тағы бар деп атап көрсетті. Тәуелсіздікті сақтап қалу шынымен қиынның қиыны. Мемлекет басшысы айтқандай, Тәуелсіздікті сақтап қалатын елдің қуатты экономикасы, сауатты азаматтары және мықты қорғанысы болуы қажет. Біздің мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алғанына  міне, 23 жылдың жүзі болды. Осы тәуелсіздігімізді сақтап қалу барша қазақстандықтардың басты міндеті.

Әмина ЖАҚЫПОВА,
Аңғал батыр ауылының әкімі.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар