Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салиқалы пікірлер айтылды - АРҚА АЖАРЫ

Салиқалы пікірлер айтылды

Елбасының  Ұлытау төріндегі сұхбаты, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауы, «Тәуелсіздік толғауы» мен күні кешегі журналистерге берген сұхбаты Қазақстанның әлемдік аренадағы бәсекелестікке төтеп бере алатын басты ерекшелігіне тоқталуымен де құнды.

Расында да бүгінгі күні Қазақстанның басты байлығы жер асты шикізаты мен сахарадай ұлан-ғайыр  даламыз болса, басты артықшылығымыз еліміздің
саяси тұрақтылығында жатыр. Бұл әрине, біздің елге инвестиция тарту жағынан шетелдік инвесторларды қызықтырады. Сондықтан, Елбасының әр сөзінің жаны бар, ол сөздер адамның көңіліне қуаныш ұялатады. Сонымен қатар, Президент еліміз болашақта қандай бағытта даму керектігін де осы сұхбатта тілге тиек етті.
«Біздің индустрияландыру бағдарламасын, өңдеу өндірісін шығарып отырғанымыз неліктен? Болашақта басқа да тауарларды сыртқа шығаруымыз қажет. Ауыл шаруашылығына келер болсақ, біз бидайды өңдеп, тек бидай мен ұнды ғана сатпай, нанды да, кеспені де, басқаны да шетелдерге шығаратын болсақ, ал, етті жай ет түрінде ғана сатпай, неше түрлі шұжықтар мен ет тағамдарын жасап сататын болсақ, киім тігетін болсақ, өндірісте неше түрлі машиналар жасайтын болсақ, сонда ғана пайда көреміз. Сондықтан, индустриялық бағдарламада ең алдымен мұнай мен газды өңдеу зауыттарын салу керек», – деп түсіндіріп өтті берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгіннің өзінде елімізде құрастырылған автокөліктер, тепловоздар экспорттала бастады. Сонымен қатар, Қытай Халық Рес-публикасымен бірлескен 15-20 шақты зауыттар салуға келіссөздер жүргізіліп жатыр және олардың барлығы өңдеу өнеркәсібі саласында болмақшы.
Ал, біздің «Астана Агропродукт» серіктестігінің «Бакара» ет комбинатына келетін болсақ, ет өнімдерін өңдеп, экспортқа шығарып отырған облысымыздағы бірден-бір кәсіпорын. Аграрлық саланы дамыту, инновациялық әртараптандыру жолын ұстанып, ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеу, оларды экспортқа шығару, өнім шығаруда жаңа құрал-жабдықтарды және озық технологияларды пайдалану бүгінгі күннің басты жетістіктерінің бірі екендігі сөзсіз.
Осы жетістікке қол жеткізіп отырған «Астана Агропродукт» серіктестігінің ет комбинаты толығымен соңғы үлгідегі инновациялық неміс технологиясымен жабдықталған. Бүгінгі таңда  зауыт нарығы кеңейіп, өндірілетін өнім саны едәуір өсіп, тіпті, өз өнімдерін экспортқа шығарып отыр. Ет комбинатының басты ерекшелігі, онда шошқа еті өндірілмейді. Бүгінгі таңда, халал өнім шығарушы барлық кәсіпорындарды тіркеу мен оларды қадағалаудың біртұтас жүйесі жасақталған. Сол себепті Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  индустрияландыру бағдарламасы жайында айтылған ойларын «Астана Агропродукт» серіктестігінің ұжымы толықтай қолдайды.

Райхан ИСИНА,
«Астана Агропродукт» ЖШС
«Бакара» ет комбинатының жұмысшысы.

Сабынды ауылы,
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар