Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Іргеміз берік болсын - АРҚА АЖАРЫ

Іргеміз берік болсын

 1960 жыл-дардың бас кезінде ағама еріп, Ресейден Атбасарға келдім. Аудандық партия комитетінің  жолдамасымен Алматы жоғары партия мектебінде оқып, оны бітіргеннен кейін  Қорғалжын өңірінде қызмет атқардым. Міне, содан бері өзіме ыстық болып кеткен осы топырақта тұрып жатырмын.

Жалпы, менің өмірім ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты. Бастапқыда аудандағы осы саланың мамандарын даярлайтын техникумда басшылық қызметте болдым, кейін балық шаруашылығы бойынша инспектор болып жұмысымды жалғадым. Артынша Қорғалжын қорығының күзет қызметін басқарып, зейнет демалысына шықтым. Қазір немерем менің жолымды қуып, Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы ауыл шаруашылығы университетінде мал дәрігері мамандығы бойынша білім алуда.
Бәріміз де ауылдан шықтық қой. Қазір қалаға үдере көшу үрдісі белең алып жатқанымен, сол қаптаған халықты ауылдағы ағайынның асырап отырғанын естен шығармаған жөн. Нан, сүт, етіңіздің бәрі де осы алтын бесік – ауылда өндіріледі. Сондықтан да, мен жастардың елді мекендерге көптеп барып, оның құлдырамауына жол бермегендіктерін қалар едім.
Жалпы, қазақстандық патриотизм жайын айтқанда, жастарды осы бір құндылықтарды бағалай білуге баулыған жөн. Себебі, өзі туып-өскен сол кішкентай ғана елді мекенге деген махаббаттан барып тұтастай елге деген сүйіспеншілік туындайды. Егер жас-тар өздері өмірге келген топырақта қалып, еңбек етер болса, кадр тапшылығы мәселесі оңтайлы шешілер ме, бір-бірін білмейтін жатбауыр адамдар арасында жиі кездесіп тұратын қылмыс азаяр ма еді деп ойлайсың. Себебі, бейтаныстың аты бейтаныс емес пе?  Ал, бірі екіншісіне туыс, бауырдай болып кеткен алақандай ауылда тұратындардың ондайға бара қоюлары екіталай ғой. Екінші жағынан, халық саны көбейсе, қаңырап қалған үйлер мен тіршілігі тұралап қалған ауылдың өміріне жан кірер еді.
Мұның достық жайлы әңгімеге қандай қатысы бар дер болсаңыз, табиғатқа деген қамқорлық, өзің туып-өскен аялы мекенге деген махаббат  адам бойында отаншылдық сезімінің тууына әсер етеді. Содан барып, сол аяулы еліңдегі әрбір құндылық саған қымбат бола бастайды, сен оны жүрекпен сезініп, сақтап қалуға талпынасың. Мен үшін сол құндылықтардың ішіндегі ең қымбаттысы – ол достық. Көрші мен көршінің, ағайын мен туыстың, бауырлар мен ауылдастардың арасындағы татулық. Алтаудың ала болмай, төртеудің түгелдігін сақтауы ел іргесінің де беріктігіне кепіл бола алады.
Облыстық ассамблеяға мүше бола жүріп, менің бұған анық  көзім жетті. Азамат ретінде де қазіргі ушыққан геосаяси жағдайда жер бедерінде татулығы жарасқан Қазақстан атты мемлекеттің барына, оның қақтығыстардан көз ашпай жатқан бауырларымызға лайықты үлгі бола алатындығы мені қатты қуантады. Құрылымы жағынан алғанда қазағы басымдау саналғанымен, бізде де өзге ұлт өкілдері баршылық. Мен олардың әрбірінің осындай пікірде екендігіне сенімдімін. Сондықтан да, бірлікті бағалай білетін көпұлтты Қазақстан халқы аман болсын. Еліміздегі татулықтың туы тек биіктей бергей.

Борис РЫБАКОВ,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар