Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №974 Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Ақмола облысы бойынша «Нұр Отан» партиясы Жақсы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кәмила Бекмырзақызы МҰҒАЛОВА Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
* * *
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын, «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға белсенді атсалысқаны үшін, сондай-ақ, партия ықпалын арттыру бо-йынша азаматтар арасында ұйымдастыру және насихат жұмысын жүргізгені үшін Ақмола облысы Аршалы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Роза Шәкірқызы ФЕДОРОВА, Ерейментау аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сара Нүрпейісқызы ДҮЙСЕМБАЕВА, Ақмола облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Чапай Мүтәлләпұлы ӘБУТӘЛІПОВ «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.