Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Татулыққа мектепте баулимыз - АРҚА АЖАРЫ

Татулыққа мектепте баулимыз

Жаһанда күн санап үдемесе, тоқтар түрі жоқ ушыққан геосаяси жағдай біздің өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу қажеттігін тағы бір айқындап беріп отырғандай.  Ал, бұған толеранттылық ұғымының да кіретіні  белгілі.

Жалпы, осы өзара түсіністік қағидасы бойынша өмір сүрудің маңызын мен 1937 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезінде қазақ жеріне жер аударылған ата-әжемнен еститінмін. Баламыз ғой, ондай мәні терең ұғымдарға аса назар аудара қою қайда ол кезде. Бірақ, есейе келе сол бір тұжырымдардың айна-қатесіз дұрыс екендігіне көз жеткізіп келе жатқандаймын. Олар шеттету саясатының зардабын шегіп, осының бәрін көзбен көргесін айтады екен ғой.  Сол кезде бас сауғалап келген ата-әжемді қазіргі біздің облыстық «Татар мәдени орталығы» этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Фарук Богаповтың ата-анасы бір ажалдан аман алып қалған екен.  Қазір мен сол
аяулы жақындарымның өмірін сақтап қалған қайырымды адамдардың ұрпағы, аталған атпал азаматпен етене араласып тұрамын.  Бәлкім, достық дегеннің өзі осындай қарапайым адамдар арасындағы риясыз ықыластан басталатын шығар…Ал, ассамблея өз кезегінде оны дамытуға, өрбітуге сеп болады.
Құдайға шүкір, біз ондай зұлматтан аман, бейбіт елдің ұрпағымыз. Десек те, қауіп аяқ астында. Қас-қағым сәтте жағдайдың өзгеріп шыға келуі әбден мүмкін. Сондықтан да, Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауында осы мәселеге ерекше тоқталып өтті. Жағаны жайлауға салып, бейқам отырмау қажеттігін Президент өзінің  осы жаңа экономикалық саясат жобасында бізге шегелеп тапсырды. Қазақстан халқы Ассамблея-сы Төрағасының бұл алаңдаушылығында негіздің барын айналамыздағы жағдайдан көріп отырмыз. Жақындардың жатқа айналуы бізді ойландырады, қынжылтады. Ендігі жерде біз, яғни, педагогтар ел келешегі саналатын жастар тәрбиесін бұрынғыдан да мықтап  қолға алғанымыз жөн.  Бұл бізге ести қалсақ денеміз тітіркеніп кететін атыс-шабыстан аман болу үшін, жастарымызды қандай да бір  ниеті қара топтардың  соңдарынан ерітіп ала кетпеулеріне тосқауыл қою үшін қажет.  Біз бүгінгі балалардың  біздің тұсымыздағыға қарағанда, ерекше екенін ескеруіміз керек. Сондықтан да, осы қатыгездене бастаған қоғамда олардың санасына ізгілік иірімдерін сіңіру – біздің          басты міндет.
Жалпы, бұл бағытта нақты біздің мектеп  не тындырып жатыр деген мәселеге келер болсақ, ең алдымен, тәрбиелік шараларға ерекше мән берудеміз. Өмірлік тәжірибесі мол, елге сыйлы азаматтармен кездесулер ұйымдастырып, өзара бәсекелестікті арттырар сан қилы сайыстар арқылы шәкірттердің талабын шыңдау бағытын ұстанудамыз. Татар және поляк мәдени орталықтарымен де қарым-қатынасымыз жолға қойылған. Бүгінде бірлескен шараларды өткізу қос тараптың да үйреншікті әдетіне айналып отыр.  Өз білім ошағымызда мектепішілік ассамблеяның барын да мақтанышпен айта аламыз. Достыққа шақырар аталған шаңыраққа біріккен мектеп шәкірттері бейбітсүйгіш рухта тәрбиеленуде.  Біздің болашағымыз сол жастардың қолында болғандықтан, мен осы өркендердің ертең ел келешегін кемел етер  елжанды азамат болып шығатындықтарына сенемін. Өйткені, бір мақсатқа жұмылған бір тағдырлы бір халықтың балаларының осал болуы мүмкін емес.
Галина ШЕВАРЕВА,
Көкшетау қаласындағы
№4 орта мектептің директоры,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар