Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыла көтерген жүк жеңіл . - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыла көтерген жүк жеңіл .

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген облыстық әкімдік жанындағы лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысында күн тәртібіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Комиссия мүшелері, облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан мәжілісте алдымен, облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров баяндама жасап, діни экстремизм және лаңкестікке қарсы әрекет ету мемлекеттік бағдарламасының биылғы жылғы орындалу қорытындысына тоқталды.
–2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырумен 10 мемлекеттік орган мен өңірдің 19 әкімдігі айналысады, – дей келе баяндамашы облыстық дін істері, білім, ішкі саясат басқармалары мен ішкі істер департаменті алдында тұрған келелі міндеттерге
ойысты. Осы орайда, діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы әрекет етудегі ақпараттық-насихат топтары жұмысын жандандырудың маңызы орасан зор. Бүгінгі күнге дейін 27 мың адамды қамтыған 600-ден астам түрлі шаралар өткізілді, – деп атап көрсетті баяндамашы.
Діни экстремизмге қатысты жазасын өтеушілер арасында үгіт-түсінік жүргізіліп, өңірдегі маңызды деген бірқатар нысандар бақылауға алынған. Алайда, облыс бойынша бұл жұмысты тиянақтау қажет. Өйткені, тіркелген 808 нысанның 601-і ғана құжаттандырылған. «Сақтықта – қорлық жоқ» дегендей, бұл мәселенің маңызы зор екені айтылды.
Дін мәселесін айтқанда, мықты теологтар мен ауылдардағы имамдар тапшылығы сезіледі. Бұл күнде облыс әкімінің шәкіртақысымен 6 студент жоғары оқу орнында білім алып жатыр. Бұл – мәселені түбегейлі шеше алмайды. Сондықтан да, аудан әкімдері де осы іске атсалысулары керек. Баяндаманы талқылауға қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» мекемесінің директоры Гүлнәр Оразбаева, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Дәулет Қысталасов өз салаларына қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Облыс әкімі Сергей Кулагин мәселенің маңыздылығын айта келе, адамдармен қарапайым қатынас орнатудың қажеттілігіне тоқталды және комиссия мүшелерін барлық бағыттар бойынша жұмыла жұмыс істеуге шақырды.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар