Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа құрылымға сенім артты - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа құрылымға сенім артты

Облыс әкімі Сергей Кулагин Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесіп, жаңа  құрылым алдындағы міндеттерді белгіледі.

Жиынға департамент басшылары мен қызметкерлері, облыстық қаржы басқармасы мен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, облыстық кәсіпкерлік палатасының өкілдері қатысты. 2014 жылғы 6 тамыздағы «Қазақстан Рес-публикасы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес салық және кеден органдарының біріктірілу жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті құрылды. Оған сондай-ақ, қаржы полициясы органдарынан экономикалық зерт жұмыстарын жүргізу қызметінің міндеттері жүктелді. Осыған байланыс-ты бұрынғы Ақмола облысы бойынша салық департаменті мемлекеттік кірістер департаменті болып қайта құрылып отыр.
Облыс әкімі Сергей Кулагин өзінің кіріспе сөзінде осы реформаға орай департамент алдында тұрған негізгі  міндеттерді атап көрсетті. Жаңа құрылымның  басты міндеті салықтар мен кедендік және басқа төлемдердің бюджетке толықтай және уақытында түсуін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге, мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, экономикалық қызмет саласында құқық бұзушылықтарды анықтап, «көлеңкелі экономикаға» қарсы күресу болып табылады. Соның ішінде, кірістер бойынша жоспарды орындау бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып қала береді.
–  Бүгінгі таңда департамент мемлекеттік қызметтің 52 түрін көрсетеді. Оның 32-сі салық, 20-сы кедендік қызмет болып табылады. Осы қызметтердің 25-і автоматтандырылған.  Жыл бойы облыстық бюджеттің кіріс бөлігі 43 миллиард 827 миллион теңгеге орындалып, 94,8 пайызды құрады. Сөйтіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  бюджет кірісі 109 пайызға орындалды, – деді департамент басшысы Ерлан Хасенов өз сөзінде.
Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі салық қызметкерлерінің өткен кезеңдегі нәтижелі жұмысына алғыс білдіріп, бүгінгі қайта құрылған құрылымның да  қадамы сәтті боларына шүбә келтірмейтінін жеткізді.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар