Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қажетті қадам - АРҚА АЖАРЫ

Қажетті қадам

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің  ректоры,  техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров пен Сандықтау ауданының әкімі Ербол Сағдиев осы жоғары оқу орны мен аудан арасындағы ынтымақтастық байланысты нығайту мақсатындағы меморандумға қол қойды.

– Өзара әріптестікті нығайту мақсатында біздің ауданымызға атбасын бұрғандарыңызға қуаныштымын. Бұл кездесудің маңызы ерекше. Өйткені, қазіргі күні ауданда кадр тапшылығы орын алуда. Атап айтқанда, мұғалім, агроном, инженер, мал дәрігері мамандары жетіспейді. Қазір жастарды ауылға тарту қиын. Біздің аудан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатындықтан, мамандарға деген сұраныс арта түсуде. Облыс орталығындағы білім ордасының қара шаңырағы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен ынтымақты жұмыс істеуге әзірміз, – дей келе, аудан әкімі Ербол Сағдиев  алдағы уақытта студенттердің оқу-өндірістік тәжірибеден өтуіне барлық жағдайды жасайтындарын жеткізді.  Кездесу барысында университет  ректоры  Әбдімүтәліп Әбжаппаров та сөз алып, жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасы Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ішінде айрықша орын алатынынан хабардар етті. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына қажетті мамандықтарға мемлекеттік грант көп бөлінуде. Білім ордасында даярланатын мамандардың оқу жоспарлары еуропалық стандарттарға сәйкестендіріліп келеді.
Кездесудің нәтижесі ретінде өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылып, екіжақты келісім-шарт жасалды. Жиында ардагер ұстаз Тыныштық Ахметова сөз сөйлеп, білім беру жүйесінде оқу мен тәжірибе әрқашан ұштасып отыруы қажет екенін айтып, жас-тарды оқу-білімге шақырды. Осы орайда, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнәр Қадырова қазіргі таңда ауданда білім саласында логопед, дефектолог мамандарының тапшылығы анық сезіліп отырғанын, сондай-ақ гуманитарлық, жаратылыстану бағыттары бойынша тәжірибеден өтетін студенттерге еңбекақы төлеп, үй-жаймен қамтамасыз ете алатындарын жеткізді. Кездесу одан әрі №1 Балкашин орта мектебінде жалғасын тауып, мектеп бітіруші түлектер арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. «Байдалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Амангелді Оразалин 4-5 түлекті өз қаражаты есебінен оқытып, шәкіртақы төлеуге дайын екенін хабарлады. Оқушылар қонақтарға университет жа-йында өздерін толғандырған түрлі сауалдар қойып, тұщымды жауап алды.
Мәнді де мағыналы мерекелік кештен ерекше әсер алған түлектер аталмыш университетке қызығушылық танытып, алдағы жаңа оқу жылын осы білім ордасында бастауға ниеттеніп отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар