Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бұл –білгендік белгісі - АРҚА АЖАРЫ

Бұл –білгендік белгісі

Келместің кемесімен  жылдан-жылға ортамыздан ұзап, көңілге ауыр мұң ұялататын соғыс ардагерлерінің арамызда жүрген көзі тірілеріне Жаңа жылдың қарсаңында Елбасы сыйлығын тапсыру рәсімі облысымыздың  барлық аудандары мен қалаларын қамтыды.

Мұны облыс әкімінен бастап әрбір аудан мен қала басшысы өзінің аға ұрпақ алдындағы төл парызы ретінде қабылдап, қарттарға барынша ыстық ықылас пен жылы пейіл білдіруге тырысты.
2015 жыл еліміз үшін көптен күткен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы атап өтілетін мерекелі жыл. Сондықтан да, дәл осы кезеңде ардагерлерімізге деген сүйіспеншілігіміз, құрметіміз бен тағзымымыз барлық кездегіден де ерекше болуы керектігін  өзінің жеке өнегесімен тағы да бір жарқырата көрсетіп берген Елбасымыздың  әрбір соғыс ардагеріне жолдаған   Жаңа жылдық құттықтау хаты, мерекелік сый-сияпаты әрине, аға ұрпақ өкілдері жүрегін барынша тебірентіп, шуақты сезімге бөлегендігі анық. Оны бүгінгі майдангерлермен болып жатқан осындай әрбір кездесу де жақсы көрсетуде. Мына суретте де Шортанды, Ерейментау және Астрахан аудандарының әкімдері Гүлнұр Сәдуақасова, Ермек Нұғыманов, Талғат Ерсейітовтің өз өңірлеріндегі соғыс ардагерлерін Елбасы атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтау сәттері бейнеленген. Қазақ қашаннан үлкенін қадірлеп, қастер  тұта білген халық. Олай болса, лайым осы жақсы өнегеміз ешқашан ұмытылмай, өз жалғасын тауып отырсын дейміз…

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар