Аудандық ардагерлер кеңесі Асылтас Жүсіпованы 2014 жылдың ең белсенді зейнеткері деп таныды.
Асылтас апай «Ақ жаулық» вокальдық тобына жетекшілік етеді. 73 жастан асса да, аудандық, облыстық көркемөнерпаздар байқауларына қатысып, түрлі жүлделі орындарды еншілеп келеді. Ең бастысы, бұл кісі халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін кейінгі буынға насихаттаудан еш жалыққан емес. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күлән Сейдахметова Асылтас апайды 2014 жылдың ең белсенді зейнеткері атануы-мен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да осындай ұстанымымен көріне беруіне тілектестігін білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бұланды ауданы.