Қазақстан Республикасындағы Индонезия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Фостер Гултом жұмыс сапарымен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болды. Оқу орнындағы кездесуде сөз алған университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров екі ел университеттері арасында ынтымақты байланыс орнату қажеттігін айтты. Елші бұл ұсынысты қолдап, оған өз елінде қолайлы мүмкіндіктер барын алға тартты.
1993 жылы өзара дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан Индонезия және Қазақстан Республикалары содан бері бұл ынтымақтықты ойдағыдай дамытып келеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.