Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күш атасына – ескерткіш, балғындарға – балабақша - АРҚА АЖАРЫ

Күш атасына – ескерткіш, балғындарға – балабақша

Кейінгі уақытта Астананы айнала орналасқан елді мекендерді дамыту жұмыстары мықтап қолға алына бастағандығы белгілі. Оның айғағы ретінде осы ауылдарда бой көтерген түрлі әлеуметтік нысандарды айтуға болады. Олардың ішінде әрине, Целиноград ауданына қарасты ауылдар да аз емес.

Астананың іргесіндегі Қажымұқан ауылында аты аңызға айналған палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына ескерткіш орнатылды.
 Сонау өткен ғасырдың басында өзінің ерен күшімен әлемнің күрес сүйер қауымын таң қалдырып, жер жаһанға аттары мәлім орыстың атақты палуандары  Злобин, Иван Корень, Иван Шемякин, Заикин сынды палуан-дарын тізе бүктіріп, французша күрестен сағы сынған соң жапондық күреспен жеңемін деп үміттенген аты-шулы Саракики Жиндофуды оның өзіне тән күресімен-ақ жер жастандырған Қажымұқан шынында да ерекше тұлға. Тіпті, өмірі жеңілістің ащы дәмін татпады деген Иван Поддубныйдың өзі де Қажымұқанды мойындағандығы тарихтан белгілі. Тарихи деректерге сүйенсек, Қажекең әлемнің 54 елінде түрлі жарыстарда өнер көрсетсе, 48 рет бас бәйге алып, сан мәрте әлем чемпионы атанған. Яғни, әлемге қазақ деген халықты, оның ұлдарының қандай болатындығын алғаш рет паш еткен осы Қажымұқан десек ешкім дау айта қоймас.
 Әрине, кіндік қаны  Астананың іргесіндегі бүгінде өзінің аты берілген ауылда дүниге келген атақты Қажымұқан Мұңайтпасұлына үлкен бір ескерткіш Елорданың төрінде тұрса тіпті тамаша болар еді. Амандық болса ол да болар. Ал, бүгін ұлтымыздың ардақты перзенттерінің бірі – Қажымұқанға туған ауылында биіктігі 3,6 метр тамаша ескерткіш бой көтерді.
  Атақты палуан өзінің қайталанбас күшімен, жеңілісті білмеген керемет қажырымен ғана емес, ел басына күн туғанда жасы ұлғайғандығына қарамастан жеңіске қомақты үлес қоса алатын қайраткерлігімен де танылған тұлға екендігі белгілі. Мәселен, Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылы жасы 70-ке келген Қажекең үш жыл бойы ел аралап өнер көрсетіп, содан жиналған 100 мың рубльді Жеңіс қорына аударған. Ол ақшаға жасалған ұшаққа Аманкелді батырдың есімі беріліп, қазақтың тағы бір ұланы Қажытай Шалабаев сол ұшақпен жау әскеріне талай соққы бергендігі тарихтан белгілі. Оның осы еңбегі үшін Иосиф Сталиннің Қажымұқанға алғыс хат жібергендігінен де жақсы хабардармыз.
Салтанатты шараға сондай-ақ, Владислав Косарев, Тұрсынбек Өмірзақов сынды Парламент Мәжілісінің депутаттары да қатысты. Шара соңында батырдың ұрпақтары, ауыл әкімі, ел ағалары ас беріп, дұға оқытты.
 Енді міне, Астана – Бурабай тасжолының бойында орналасқан Қажымұқан бабамыздың ескерткіші өтіп жатқан жолаушыларға сәт сапар тілеп, оң жол сілтеп тұрғандай әсерде қалдырады.
 Сол күні осы ауылда 140 орындық мемлекеттік балабақша ашылып, тұрғындарды тағы бір қуанышқа бөледі. Барлығы 363,293 миллион теңге жұмсалған бұл құрылыс екі жылда аяқталып, пайдаланылуға берілді. Аталмыш мекеме қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған, бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. Мұның бәрі
сайып келгенде, облысымызда, оның ішінде Целиноград ауданында да әлеуметтік салаға баса назар аударылатындығының белгісі.
Аудандағы аталмыш екі нысанның да ашылу салтанатына облыс әкімі Сергей Кулагиннің арнайы келіп қатысуы қазақтың дара перзенттерінің бірі – Қажымұқанға деген ерекше ілтипаты болар. Ауданның жаңадан тағайындалған әкімі Мәлғаждар Тәткеевтің де әлеуметтік мәселелерді бірінші кезекте шешуге тырысатындығы да тұрғындар көңілінен шығуда.
    Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар