Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қуанышқа бөленді - АРҚА АЖАРЫ

Қуанышқа бөленді

Көкшетау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Смайылов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып, оларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады және гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыс етті.

Ең алдымен, ол Рузаев ауданының тумасы Меркен Исиннің шаңырағында болды. Ардагер 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, зеңбірекшілер ротасына қабылданған екен. Жеңіс солдаты Харьков, Белгород, Кировоград, Польша, Германия, Чехословакия, Батыс Украина шайқастарын басынан өткерді. Майданда көрсеткен ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» және «Даңқ» ордендерімен марапатталыпты. Соғыс аяқталғаннан бері Нағима апа екеуі отау құрып, бақуатты өмір сүруде. Бүгінде ол екеуі алты баладан он екі немере, он алты шөбере сүйіп отырған жайы бар.
Ал, Елдес Қоңыров соғыста әскери әуе бригадасында автоматшы болып, Австрия, Венгрия және Чехословакия елдерін жаудан азат етуге қатысқан көрінеді. Тиісінше, соғыста көрсеткен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысы ордені мен «Ерлігі үшін», «Венаны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарын иеленген. Алдымыздағы жылы майдангер ата 90 жасқа толуын атап өтсем деп отыр.
Одан соң Амангелді Смайылов Беларусь, Украина, Курск майдандарында соғысқан Оспан Жүсіптің шаңырағына келді. Ол Ұлы Отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі ордендерімен марапатталыпты. Келесі жылы майдангер екі үлкен тойды атап өтуді көздеп отыр. Біріншісі, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы болса, екіншісі аяулы жары Жазира апамен отбасы құрғандарына 70 жыл  толады екен. Осынау жарты ғасырдан астам уақыт ішінде олар бес бала сүйіп, он алты немере мен отыз үш шөберенің қызығын көріп отыр.
Семен Харитонов болса, Ұлы Отан соғысының ардагері болуымен қатар, сезімін әсем өлеңмен өрнектейтін ақын көрінеді. Оның «Жизнь на ладони», «Не забыть то что было» және «Только верною память осталась» атты  өлеңдері  топтастырылған жыр жинақтары бар. Сондай-ақ, ол бірнеше жауынгерлік медальдарымен мақтана алады.
Жеңіс солдаты Алексей Ястребов Новосібір облысының тумасы. Майданға 1943 жылы шақырылып, Ленинград шайқасына қатысты. Әскер қатарынан келген  соң біздің өңірге қоныс аударған көрінеді. Ол өз сөзінде қала әкімшілігіне ардагерлерге көрсетіп отырған құрметтері үшін ризашылығын білдірді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қарттарды елеп-ескеріп отырғаны оларға үлкен мерей екенін қуана жеткізді.

Суретте: Амангелді Смайылов соғыс және еңбек ардагері Меркен Исиннің отбасына Елбасы сыйлығын тапсыруға арнайы келді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар