Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыс жандана бастады - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыс жандана бастады

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллиннің төрағалығымен өткізілген палата директоратының  2014 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланды.

 Шараға облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалдарының директорлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алдымен, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорларының орынбасарлары Р.Молдағайыпов, В.Геращенко және А.Біралинаның есептері тыңдалды. Биыл мекеме кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың  тиімді жолдарын зерттеп, өңірде шағын және орта бизнесті дамытудың картасын құрастырыпты. Сондай-ақ, өндірілген өнімдерді сату, түрлі қызметтер көрсету барысында  мемлекеттік сатып алу тиімділігіне назар аударылған көрінеді. Жақында облыстық әкімдік пен өңірлік кәсіпкерлер палатасы екі шешуші меморандумға, сондай-ақ, облыстық әкімдік, палата және «Мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестігінің қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы арасындағы үш жақты келісім-шартқа қол қойыпты.
Сыртқы экономикалық қызметті дамыту жұмысы жанданып отыр. Ресейдің Челябі, Омбы облыстарының, Украина мен Беларусь республикалары мен алыс шет елдердің бизнес құрылымдарымен және қауымдастықтарымен әлеуетті мүмкіндік зерттелуде. Жұмыс істейтін бизнесті сервистік қолдау аясында кәсіпкерліктің 900 субъектісіне кеңестік қызмет көрсетіліпті. Мекеме кәсіпкерлердің құжат жинау кезіндегі әкімшілік кедергілерді анықтау жұмысын жүргізген. Сондай-ақ, электр қуатын 100 пайыз алдын ала төлеу бойынша мәселе шешілді. Бұған дейін «КөкшетауЭнергоЦентр» ЖШС кәсіпкерлердің тұтынбаған энергиясының құнын алдын ала төлеткен көрінеді. Жыл ішінде 101 кәсіпкердің мәселесі оң шешіліпті.
Мекеме жұмысының негізгі бағыттарының бірі – әлеуметтік саясатты жүргізу. Осы орайда, білікті мамандармен жұмыс берушінің қажеттілігін қанағаттандыру жұмыстары атқарылған көрінеді. Басымдылықтардың бірі оқытудың дуалдық жүйесін енгізу болып табылады. 2014 жылы дуалдық оқытудың Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде 12 мамандық бойынша 506 студент қамтылыпты. Кәсіпкерлер палатасы, 10 колледж және 18 кәсіпорын арасында дуалдық жүйенің кәсіптік теориялық және өндірістік оқытылуын жүзеге асыру жөнінде бірқатар келісім-шартқа қол қойылыпты. Мұнда кәсіпкерлік субъектілердің кәсіби мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік беретін «Алғабас» оқу орталығы ашылған көрінеді. Бүгінгі таңда оқу орталығы газ-электр дәнекерлеуші, токарь, тракторшы, жүргізуші, балташы, тас қалаушы, сылақшы, туризм агентін даярлайды. Шара барысында барлық аудандардағы филиал директорлары детальдық жоспардың 9 басымды бағыты бойынша есеп берді. Шара соңында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин қорытынды сөз сөйлеп, әріптестеріне жаңа міндеттер жүктеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар