Біздің қазақ халқы ежелден кең-пейілді халық екені баршамызға мәлім. Қолында барымен бөлісіп қамқор болуды ойлаған ағалар қазір де аз емес.
Осы орайда, жастардың білімді де білікті болып өсуіне мүмкіндігінше жағдай жасап, балаларға қолдарынан келген көмектерін көрсеткен «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы Ақмола ОРТД басқарма төрағасы Абай Марабайұлы Қадырәлиев пен оның орынбасары Қайрат Бірімжанұлы Әшенов ағаларымызды ерекше атағымыз келеді.
Олар осы жуырда Щучинск қаласындағы «Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясының жанындағы интернат балаларына арнап сандық OTAU телеарнасын сыйға тартты. Енді аудан көлеміндегі шағын ауылдардан осындағы қазақ сыныптарына оқуға келген балалар еліміздің барлық өңірлерінен жаңалықтар тыңдап, хабарлар көрулеріне мол мүмкіндік алды.
«Атаның еккен ағашы ұрпаққа сая» демекші, кеңпейіл, жарқын жүзді ағаларымызға интернатта жатып, білім алып жатқан ауыл балаларының атынан шексіз алғысымызды білдіре отырып, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік-береке, бақыт, ел игілігі жолында атқарып жатқан қызметтеріне толағай табыс тілейміз.
Ақмарал Бақытбек,
«Мирас» көпбейінді мектеп-
гимназиясының 8-сынып оқушысы.
Бурабай ауданы.