Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басшының өзі заңды бұзса... - АРҚА АЖАРЫ

Басшының өзі заңды бұзса…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде тәртіптік кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Аталмыш мекеме басшысының орынбасары Қуаныш Жапақовтың төрағалық етуімен жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.
Мәжілісте ең алдымен Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абай Қадыралиев пен бөлім басшысының орынбасары Ермек Қарағаевтың ісі  талқыланды. Олар Куйбышев көшесін орташа жөндеу үшін өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы кезінде сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соқтыратын заң бұзушылықтардың орын алуына жол берген. Сондай-ақ,  үміткерлерден заңда көрсетілмеген құжат талап еткен көрінеді. Сөйтіп, мұның өзі осы конкурсқа қатысқан «Базовые инвестиций» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің наразылығын тудырған.
Ал, Жақсы ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Роза Ақанова мемлекеттік сатып алу заңының талаптарын бұзып, «Пайда Шем» және «Сарыарқа» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасаған. Тиісінше «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 12-тармақшасын бұзған көрінеді.
Кеңес соңында мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес талаптарын сақтау мәселелері бойынша Жақсы ауданы мен Көкшетау қаласы әкімдеріне заңды белден басқан басшыларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Ырысгүл АШУОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар