Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адамның беймәлiм қырлары - АРҚА АЖАРЫ

Адамның беймәлiм қырлары

Ғылым күннен-күнге қарыштап дамып келедi. Ашылып жатқан жаңалықтар таң-тамаша қалдырады. Медицина туралы да осылай деуге болады. Әйтсе де, ғасырлар бойы адам жинақтаған бiлiм табиғаттың кейбiр қылықтарын, әсiресе, тағдырдың сырын түсiндiрiп беруге қауқарсыз.

АҒАШ-АДАМ
Деде Косаве деген адамның халi әлемдi таңғалдырды. Қара ағаштың қабығы секiлдi қоңырқай түстi белгiсiз зат өсiп, оның бүкiл денесiн торлап басып қалған. Сондықтан, Деде ағаш-адам аталып кеттi. Алғашқыда денесiне кiшкене қоңырқай сүйел шыққан. Сүйел аз ғана уақыттың iшiнде қаптап кетiп, жуандап үлкейе түскен. Соның кесiрiнен байғұс орнынан тұрып жүре алмай қалады. Тамақ iшу де мұңға айналады. Оны атақты америкалық дәрiгерлер емдей бастаған. Олардың пiкiрiнше, бұған адам папилломасы атты вирус себеп болған. Вирустың осылайша жүген-құрықсыз кетуiне сирек кездесетiн генетикалық мутация да ықпал еткен. Бүгiнге дейiн Дедеге 9 ота жасалып, 5,5 келi сүйел сылынып алынды. Оны тағы да осындай бiрнеше ота күтiп тұр.

ЕСЕЙМЕЙТIН СӘБИ ҚЫЗ
Брук Гринберг 16 жаста. Оның ой-өрiсi, қимыл қозғалысы ғана емес, дене бiтiмi де екi жастағы нәресте тәрiздi. Бойы – 76 сантиметр, салмағы – 13 келi. Дәрiгерлер Бруктi жұмбақ ауруынан айықтырмақ болып қолдан келгенiн жасап, аянып қалмаған. Бой өсiретiн гармондар да берген. Одан еш қайран болмаған. Амалы таусылған ғалымдар Бруктiң генiн зерттеуде. Тек қана «мәңгiлiк жастықтың кiлтi табылып қалар» деген үмiтпен.

ҮНДI ҚҰДАЙЫНА
ҰҚСАП ТУЫЛҒАН ҚЫЗ
2005 жылы Үндiстанның кедей отбасында 4 қолы мен 4 аяғы бар қыз бала өмiрге келдi. Дәрiгерлер артық қолдар мен артық аяқтардың дамымай қалған сиам егiзiнiң мүшесi екенiн анықтады. Бiрақ, оның басы да, денесi де болмаған. Егiзiнiң аяқ-қолы iстемейдi, ал, қыз баланың өзiнiң аяқ-қолдары сап-сау. Үндiлер оған құдайымыз деп табынған. Бұған қарамастан, 2007 жылы дәрiгерлер ота жасап, артық аяқтарын кесiп алып тастады. Ота 27 сағатқа созылған. Оған 30 хирург қатысқан. Өйткенi, артық аяқ-қолдарын тек қана алып тастамай, iшкi органдары мен сүйек бiтiмдерi де қалыпқа келтiрiлген. Ғажайып қыз балаға әлi де бiрнеше ота жасалуға тиiс.

АЛЫП АЯҚТЫ ӘЙЕЛ
 Мэнди Сэлларс дүниеге келгенде оның денсаулығы тәп-тәуiр болған. Дәрiгерлердi мазасыздандырған жалғыз ғана нәрсе – жаңа туылған нәрестенiң табаны мен аяғының тым iрi болғаны едi. Мэнди 34-ке толғанда аяқтары алыптың аяғындай болып бiрден өсiп кеткен. Аяқтарының салмағы 95 келiге жеткен. Бiрақ, өзге денесi қалыпты, кәдiмгi адамдардiкiндей. Бұл дерттiң неден болғанын дәрiгерлер анық бiлмейдi. Олардың топшылауынша, Протей синдромына шалдыққан болуы мүмкiн. Бұл – мүшелердi деформацияға түсiретiн, жартылай алыптыққа әкеп соқтыратын өте сирек кездесетiн дерт. Мэнди Сэлларс жүре алмайды, мүгедектерге арналған арбаға таңулы. Бұған қарамастан, ол белсендi өмiр сүруде. Ерiктi болып жұмыс iстейдi, достарымен араласады, автокөлiк жүргiзедi, саяхаттайды. Бiрақ, дәрiгерлер Мэндидiң денсаулығына қатты алаңдаулы. Өйткенi, оның алып аяқтарына күштi қан айналымы қажет, бұл жүрекке өте үлкен күш түсiредi. Сондықтан, болашақта бұл әйелдiң аяқтарын кесiп тастауы әбден мүмкiн.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар