Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алға басқандық байқалады - АРҚА АЖАРЫ

Алға басқандық байқалады

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Астрахан ауданында болып, өңірдегі істің жайына назар аударды, сондай-ақ, аудан активімен кездесіп, Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерге орай, биылғы жылы атқарылуға тиісті жұмыстарды пысықтады.

Бүгінгі таңда Астрахан  ауданы облыста өндірісі өрге басып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келе жатқан өңірлердің бірінен саналады. Мұны ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуынан айқын аңғаруға болады. Бұл жолы ауданға сапары барысында өңір басшысы алдымен «Камышенка» серіктестігіне ат басын тіреді. Бүгінгі күні серіктестік мал шаруашылығына үлкен үміт артып отыр. Кәсіпорын өткен жылы 84,2 тонна ет және 2597 тонна сүт өндірген. Қазіргі кезде мұнда 1416 бас ірі қара бағылса, оның 607-сі сауын сиырлары. Сондай-ақ, 13 бас жылқы да бар көрінеді. Серіктестік 2014 жылы селолық округтегі автожолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеуге және халықтың аз қамтылған топтарына демеушілік таныту мақсатында 3,5 миллион теңгенің көмегін жасапты.
– Біз мал шаруашылығы, оның ішінде ет және сүт өнімдерін өндіруге зор көңіл бөліп отырмыз. Астана қаласы жақын болғандықтан, Елорда айналасында құрылған азық-түлік белдеуі шеңберінде ет және сүт өнімдерін өндіру бізге өте қолайлы. Сондықтан, 2011 жылы мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы инвестиция тартып, Чехия Республикасынан 390 бас симменталь сиырларын алдырттық. Сондай-ақ, 380 миллион теңгеге екі мал қорасын салдырттық. Жыл сайын ірі қара басын 150 басқа көбейтіп отырмыз. Жазда күніне 7 тоннаға дейін сүт сауамыз. Сүттің литрін «Родина» Агро фирмасы» серіктестігі 25 теңгеден сатып алады. Бұл біз үшін жаман емес. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті одан әрі ұлғайту жоспарда бар. Мамандарымыз Павлодар қаласына барып, бұзау өсіру жөнінде тәжірибе жинақтап қайтты, – дейді серіктестіктің бас директоры Дүйсембай Ілдебаев.
Серіктестік жұмысына оң баға берген өңір басшысы бұдан кейін Первомайское орта мектебінде де болды. Еске сала кетсек, 1966 жылы пайдалануға берілген осынау білім ордасында кезінде облыс әкімі Сергей Кулагин 9-10 сыныптарда оқып, білім ордасынан 1969 жылы түлеп ұшқан көрінеді. Тарих қойнауына еніп кеткен сол жылдар өңір басшысының әлі есінде. Облыс басшысы мектеп қабырғасында жүрген сәттерін еске алып, 11-ші сынып оқушыларымен және ұжыммен кездесті. Бүгінгі күні мектеп  күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен биылғы жылға 82,9 миллион теңге қаржы бөлініп отыр.
Облыс әкімінің осыдан кейінгі іссапары балаларға арналған психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған медициналық-әлеуметтік мекемесі,  Петровская орта мектебі, «Айгөлек» бала бақшасы, «Фермер – 2002» серіктестіктерінде және аудан орталығын жылумен қамтамасыз етіп отырған «Комхоз» коммуналдық кәсіпорнында жалғасты.
Мәселен, «Комхоз» коммуналдық кәсіпорнына 2014 жылы 140 миллион теңге қаржы бөлініпті. Бұл қаржыға жол тазалайтын арнайы техникалар сатып алынған көрінеді.  Биылғы жылы тағы 200 миллион теңге қаржы бөлу жоспарланған. Осы орайда, аталған коммуналдық кәсіпорынның материалдық-техникалық базасына көңілі толған облыс әкімі әр аудан осындай техникалармен жабдықталуы керек. Қыс айларында жолды облыстан көмек сұрамай-ақ өз күштерімен тазалау қажет деп атап өтті.
Ал, аудан активінде сапарын қорытындылаған облыс әкімі Сергей Кулагин бірінші кезекте ауылдық жерлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту қажеттігін баса айтты. 
– Біздің басты мақсатымыз облыс аумағында орналасқан Астана қаласы мен Көкшетау қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету қарқынын арттыруымыз қажет. Осы мақсатта біз отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетеміз, әлі де қолдау көрсете беретін боламыз. Бұл ретте, сіздердің өнімдеріңізге деген сұраныс арта түседі. Ал, бұл өз кезегінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді өз сөзінде облыс басшысы Сергей Кулагин.
Сонымен қатар, активте өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан 4 астрахандықты құрмет грамоталарымен және бір кәсіпкерлік субъектісін  «Өндіріс саласындағы ең үздік кәсіпорын» дипломымен марапаттады.
Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар