Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бөлмелерімізде көк Туымыз тұр - АРҚА АЖАРЫ

Бөлмелерімізде көк Туымыз тұр

Тәуелсіздіктің бізге беріп отырған бір игілігі, жастарға барлық кеңістіктер мен жолдардың ашылғандығында деп білемін.

Мемлекет басшысы еліміздің кемел келешегінің білімді де зерделі ұрпақтың қолында екендігін үнемі қадап айтып отырады. Осы бағытта елімізде жастарға барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Назарбаев зият-керлік мектептері мен Назарбаев университеті сияқты заманауи білім ошақтары  бой көтеруде.

«Болашақ» бағдарламасының арқасында қаншама қазақстандық жас шетелде білім алып, қазіргі кезде ел игілігі жолында еңбек етіп жатыр.
Өзіме келер болсам, мен де өзге мемлекетте білім-білігін ұштап жүрген жастың бірімін. Көкшетау қаласында туып өстім. Облыс орталығындағы Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледжді тәмамдадым. Артынша арнайы мемлекеттік бағдарламамен болмаса да, өз қалауыммен Пекин жастар саясаты институтына оқуға түстім. Қазір аталмыш оқу ордасында халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алып жатырмын.
Туған жерден жырақта жүргенде ғана оның қадір-қасиетін барынша түсіне бастайды екенсің. Қазір басқа ортада жүріп, Көкшемді, Қазақстанымды сағынғаныммен, еліміз жайлы айтылар жылы лебіздерді естігенде бір марқайып қаламын. Қытайлықтар Қазақстанды халықаралық саясатта өзіндік орны бар мемлекет ретінде санайды. Онымен бізге сабақ беретін белгілі саясаттанушы ғалымдардың  пікірлерінен де байқаймын. Олар Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы, ондағы «Нұрлы жол» экономикалық сая-саты туралы да жоғары пікірде.
Бұл жақта қазақстандық студенттер баршылық. Бәріміз тұратын жатақхана бөлмелеріне өз туымызды іліп қоямыз. Жас-тар бас қосып, тәрбиелік мәні бар  мәдени-көпшілік шараларды жиі ұйымдастырып тұрамыз. Басында бес мың иероглифі бар қытай тілін меңгеруде аздап қиналғаныммен, қазір үйреніп кеттім. Болашақта дипломат болып, елшілікте аудармашылық қызмет атқарғым келеді. Осылайша бүгінде ерекше қарқынмен дамып келе жатқан Қазақстан – Қытай қатынасының өрістеуіне өзіндік үлесімді қоссам ба деймін.
Жас та болсам, бір бай-қайтыным, әлемдік нарықты өзінің қолжетімді бағадағы тауарларымен жаулап алған бұл елден біздің үйренеріміз көп.  Міне, осында көрген-білгенімді болашақ қызметімде кәдеге асыруды армандаймын. Қорыта келе айтпағым, тәуелсіздік қазақстандық жастардың арманына қанат бітірді. Бүгінгі біздің табысымыз – егемен еліміздің аз уақытта қол жеткен толымды жетістігі. Көкжиегіміз кеңейген сайын біз, жастар осыны айқын сезініп, күні ертең еліміздің болашағын жарқын ету жолында аянбай тер төгуге бел буып келеміз.
 Дина БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, студент.
Бейжің қаласы,
Қытай Халық Республикасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар