Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы халқымыздың өз өмірі мен келешегіне деген сенімін арттыра түсті.
Ата-бабамыз қыз бен ұлдың тәрбиесіне көп мән берген. Оларды салт-дәстүріміздің озық үлгілерімен тәрбиелеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулыған. Отбасы беріктігі бірінші кезекте тұрғандықтан, осынау әке мен ананың екі жақты тәрбиесінен сусындап өскен жастардың да өмір жолы түзу болған. Бұл орайда, Қазақстанның ертеңі бүгінгі күнгі бүлдіршіндердің еншісінде болғандықтан, Елбасы бала өмірінің нұрлы бо-
луын басты міндет етіп қоюда. Осы ретте, Мемлекет басшысы білім саласына қатысты апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу қажеттігіне ерекше тоқталды. Сондықтан, бұл мәселе ойдағыдай шешіледі деп сенеміз. Балалар бақшасының жетіспеушілігі де Елбасы назарынан тыс қалмады. Жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысу тиістігін айтты.
Қорғалжын ауданының әрбір ауылдық округінде мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар жұмыс істеуде. Оған қоса, мемлекеттік әріптестікпен ашылған жекеменшік «Ақ ботақан» бала бақшасы да кішкентай бүлдіршіндердің игілігіне ұсынылған. Бәсекеге қабілетті болу үшін білім ошақтарына ерекше ден қою мәселесі Елбасының жыл сайын жолданатын Жолдауларынан қалыс қалған емес. Сонымен қатар, ауыл-аймақтардың жағдайларын, денсаулық мәселесі, көпұлтты мемлекетіміздің бірлігін, жан-жақты даму жолдарын қарастырған. Бұл міндеттер әрбір қазақстандықтан үлкен жауапкершілікті, сапалы еңбекті, белсенділікті, білімділікті, бәсекеге қабілеттілікті, өз елінің шынайы патриоты болуды талап етеді.
Сондай-ақ, басты құжатта айтылған тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту жөніндегі мәселе де талай жастың көңіліне сенім ұялатты. «Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан, 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз», – деген Елбасы сөзін білімі бар, жұмысы бар, бірақ баспанасыз жүрген жастар бірауыздан қолдап жатқаны сөзсіз.
Шешілмеген түйіні мен қайшылығы мол заманда іргетасы қаланған Отанымыз Елбасы Жолдауының орындалуының нәтижесінде 2050 жылға қарай алынбас қамалдай мықты болмақ.
Роза САРБАЛИНА,
Қорғалжын мектеп-гимназиясының ұстазы.