Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бюджетті нақтылап, жылу беру маусымын ойдағыдай өткізейік - АРҚА АЖАРЫ

Бюджетті нақтылап, жылу беру маусымын ойдағыдай өткізейік

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде 2015 жылғы бюджетті нақтылау және қысқы жылу беру маусымының барысы жөніндегі мәселелер талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, облыстық басқармалар, департаменттер мен ведомстволардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен мәжілісте өңір басшысы алдымен, Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалған Ермек Маржықпаевты құттықтап, қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ, еңбек ардагері Әбділрахман Мадияровқа «Еңбек ардагері» медалін табыс етті.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің үстіміздегі жылдың 6 қаңтарында өткізген селекторлық кеңесінде мұнай бағасының баррелі 50, 40, 30 долларға дейін төмендейтін болса, онда Үкімет бюджетінің қайта нақтыланатыны  айтылған еді. Ал, 9 қаңтарда болып өткен селекторлық кеңесте мұнай бағасының баррелі 50 долларды құрап отырғандықтан, республикалық бюджеттің үштен бірін азайтуға, яғни, оның 1,5 триллион теңге құрайтыны туралы тапсырма берілді. Соған орай, облыс әкімі осы жайды қарастырып, шығынды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу  міндетін жүктеді. Онда халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету, ең бірінші кезекте келесі жылу беру маусымына дайындық мәселесін шешуге бағытталуға тиісті екені атап көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы мен облыс әкімінің алға қойып отырған міндеттерін сөз еткен облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков 2015 жылғы бюджетті қалыптастыруда басты назар аяқталуға тиісті және апатты жағдайдағы нысандарға
аударылатынын, сондай-ақ, бірқатар жаңа инвестициялық жобалардың жоспарланып отырғанына тоқталды.
Облыстық бюджетке талдау жасалған соң экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 3,4 миллиард теңге сомасындағы қаржыны қайтадан бөлу жөнінде талқылау ұйымдастыруды ұсынды. Бұл қаржының 2,4 миллиард теңгесі инвестициялық жобалар, ал 0,9 миллиард теңгесі ағымдағы шығындар бойынша қарастырылатын болады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты облыс әкімі бірқатар тапсырмалар жүктеді. Осы орайда, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы (А.Мартыненко) ағымдағы жылдың 15 қаңтарына дейін 2015-2016 жылдың жылу беру маусымына қажетті қосымша бюджет қаржысын есептеуге тиісті. Облыстық бюджет бағдарламасының әкімшісі де осы айдың орта шеніне дейін өздерінің қаржыландыру жоспарын қайтадан қарастырып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына шығындарды оңтайландыру жөніндегі ұсы-ныстарын тапсырулары керек.
Сондай-ақ, облыс әкімі 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1,6 миллиард теңгенің облыстық бюджеті игерілмегеніне қынжылыс танытты. Мұның ішінде, республикалық бюджеттен трансфертті мақсатқа деген 475 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 1,1 миллиард теңге тиісті дәрежеде игерілмей қалған. Осы орайда, өңір басшысы кіріс бөлігін орындауды қамтамасыз ете алмаған Көкшетау қаласы, Еңбекшілдер мен Шортанды аудандарының әкімдіктеріне орын алған олқылықтарды тез арада түзетудің жолдарын қарастыруды талап етті.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Александр Мартыненко өңір бойынша жылу беру маусымының қалыпты өтіп жатқанына тоқталды. Өткен жылдың желтоқсан айында 3333 тонна көмір алуға облыс әкімінің резерв қорынан 20 миллион теңге бөлінді. Қазіргі кезде облыс бойынша 272,3 мың тонна көмір, 8 мың тонна мазут бар. Бұл нормативтік талаптарға сай деген сөз. Отын бекітілген кестеге сай жеткізілуде. Алайда, Астрахан, Бурабай, Зеренді, Жақсы, Ерейментау аудандарындағы коммуналдық кәсіпорындардың көмір қоры аздау болып тұр.
Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес, өңірдің 5 кәсіп-орнына 34,9 мың тонна әлеуметтік мәндегі мазут бөлінді. Күні кеше  облысқа соның 24,4 мың тоннасы жеткізілген көрінеді.
Бұдан әрі баяндамашы коммуналдық кәсіпорындардың қаржылық-экономикалық ахуалына тоқталды. Бірқатар ірі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар бо-йынша кредиторлық берешек 2307,8 миллион теңгені құрап отырса, оның 490,7 миллион теңгесі электр қуатына, ал, 521,5 миллион теңгесі отынды тұтынушыларға тиесілі. Жылу беру маусымының үш айы өтсе де, қарыз қайтарылмай отыр. Жағдайды түзеу үшін аудандар мен қала әкімдіктері, коммуналдық кәсіпорындар басшылары батыл іс-қимыл танытар емес. Коммуналдық қызметке берешек қордаланып қалған.
Одан әрі баяндамашы өзі жетекшілік ететін басқарманың келесі жылу маусымына дайындық барысына да тоқталды. Бұл ретте, ол аудандар және қала әкімдіктерімен бірлесе жұмыс істейтіндіктерін жеткізді. Бурабай кентінде қазандық іске қосылған жағдайда тағы да 7,5 мың тонна мазут қажет көрінеді. Мазут сатып алу үшін алдын ала жүргізілген есептеулерге қарағанда 1,390 миллиард теңге керек. Ал, бұл сома өткен жылы 993,2 миллион теңгені құраған болатын. Коммуналдық қазандықтар үшін екі айлық көмір қорын жасауға 460 миллион теңге бөлу көзделген. Сондай-ақ, жабдықтар, жылу трассасы, қазандықтарды ауыстыруға 1,7 миллиард теңге қажет. Алдағы жылу беру маусымына дайындалу үшін алдын ала жүргізілген есеп-қисапқа қарағанда 3,6 миллиард теңгеге жуық қаржы қажет көрінеді. Әйткенмен, бұл сома көлемі алдағы уақытта нақтылана түсетін болады.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының есебіне қанағаттанбаған облыс әкімі бірқатар нақтылы тапсырмалар беріп, одан жұмысты ширатуды талап етті. Сондай-ақ, ағымдағы басқа да мәселелерге тоқталып, алға қойған мақсаттан абыроймен көріну жолында ынтымақтаса еңбек етуге шақырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар