Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мұратқазы әуелетіп ән салды - АРҚА АЖАРЫ

Мұратқазы әуелетіп ән салды

«Көкшетау» мәдениет сарайында жас әнші Мұратқазы Әпесханның «Алға, қазағым!» атты ән кеші зор табыспен өтті.

«Қара жорға» әнімен шығармашылық кештің шымылдығы түріліп, көрер-мендер Мұратқазының әсем де сазды әуенімен ерекше көңіл-күйге бөленді. Әуелеген әсем әнмен бірге би де орындалып, қазақы дәстүрмен шашу шашылды. «Менің атам», «Қазақстан», «Сүйгенім», «Қалқам», «Ақ тілек» сынды әндерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, шығармашылық кештің мәнді де мағыналы өрілуіне жас әнші талпыныс жасады. «Асыл Мұра» тобының әншісі ретінде танылған Мұратқазының өзіндік үні, өзіндік сазы бар. Ол әнші ғана емес, аз да болса сазгерлік қырынан танылған өнерпаз. Оған шығармашылық кеште Мұратқазының әні мен сөзіне жазылған тамаша әндердің орындалуы айқын дәлел. Меруерт Төлебаева есімді кішкентай өнерпаз «Нұр аға» әнімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ал, өмірдегі әрі өнердегі бауырлары Жанатқазы, Дәмелғазы Әпесхандар да Мұратқазының шашбауын көтеріп, ән мен жырдан шашу шашты.
Кеш барысында көрермендер арасында ойын ойналып, әзіл мен қалжың да өз үйлесімін таба алды. Сондай-ақ, Аслан Мұхамедияр мен Эльмира Төлеубаеваның да өнерін тамашалай алдық. Эльмира мен Мұратқазы жұптары жарасып, «Тосамын» әнін дуэт болып шырқады. Тағы бір айта кетерлігі, кеш барысында патриоттық, лирикалық әндермен бірге халықтық әндер де орындалды. Әсіресе, «Әриайдайды» нақышына келтіре орындаған Мұратқазының болашақта тау тұлғалы танымал әнші болатынына еш күмәніміз жоқ. Өйткені, оның дарынына әртістік қабілеті сай.
Өнер десе ішер асын жерге қоятын қаймана қазақ өрелі өнерпаздың өршіл әндерінен қуат ала отырып, ақ батасын берді. «Той думан» әнімен қорытындыланған кеш ерекше есте қалғандай. Өміршең өнердің киесін бағалаған Мұратқазыдай өрелі өнерпаздар көп болғай.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар