Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Заңғар» өрендері алғырлық танытты - АРҚА АЖАРЫ

«Заңғар» өрендері алғырлық танытты

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернатында «Бала би» шешендік өнер сайысы болып өтті.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы кубогына арналған бәсекеге Көкшетау қаласы мен Ақкөл, Аршалы, Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Шортанды, Бурабай аудандарынан 20 топ қатысты. Бұл сайыс өскелең ұрпақтың ұлттық рухын оятып, шешендік өнерді дамыту арқылы болашақ ел зиялыларын тәрбиелеу мақсатын көздеді.
Үміткерлердің әрқайсысы шешендік өнер сайысына жақсы дайындықпен келгендіктерін аңғардық. Олар «ЭКСПО-2017» көрмесінің Қазақстанға пайдасы, «Мәңгілік Ел» идеясының орындалуы, қазақ тілін ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналдыру жолы, жасұландықтар ұйымы туралы салиқалы ой айтты.
Жартылай финалда Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының «Заңғар» тобы мен Зеренді ауданының «Сөз мәйегі» тобы суырылып шығып, финалдық бәсекенің көрігін қыздырды.
Сайыс қорытындысында «Заңғар» тобы жүзден жүйрік атанып, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының арнайы кубогымен марапатталды. Екінші орынды «Сөз мәйегі» алса, үшінші орындарға Бурабай ауданынан келген «Алаш ұлы» және Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернаты қол жеткізді.
Облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің атынан Зере Еспайқызы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, шешендік өнер сайысының ұйымдастырушысы Мейрамбек Закировке Алғыс хат тапсырып, қызықты әрі тартымды өткен «Бала би»   сайысына жоғары баға берді.
Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар