Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақылдасқан артық етпейді - АРҚА АЖАРЫ

Ақылдасқан артық етпейді

Облыс орталығында Қазақстан фермерлері одағының республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Әуезхан Дарынов бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен кездесті. Бұл басқосуда фермерлер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Қанат Сүлейменов  ауыл шаруашылығы саласын  техникамен жабдықтау жайы мен осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстарды саралап, алда тұрған келелі міндеттерге  тоқталды.

Жиі бастары қосыла бермейтін осындай кездесуде шағын шаруа қожалығының басшылары өздерінің көкейлерінде жүрген түйткілді мәселелерін ортаға салды. Алдымен, оларды алдағы көктемгі егіске қажетті тұқым мәселесі толғандырып отырған көрінеді. Осы орайда, тұқым сатып алуға субсидия бөлінсе деген өтініштерін алға тартты. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰҚ» акционерлік қоғамына қатысты бірқатар мәселелер де сөз болды. Бұл мекеме тарапынан бастапқы кезде шаруа қожалықтарынан астықтың тоннасын сатып алу бағасы 35 000 теңгеден белгіленсе, соңынан 42 000 теңгеге дейін көтеріліпті.
Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін  импорттық техникалармен қоса оларға қажетті қосалқы бөлшектер сатып алу бағасы да қатты ойландыруда. Осы мәселе төңірегіндегі сауалдар да аз болған жоқ.  Сондай-ақ, олар биылғы ауа райының жағдайына орай мемлекеттен алған несиенің мерзімін ұзарту жөнінде де өтініштер айтты.
Қоғамдық бірлестіктің президенті Әуезхан Дарынов ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің құқығы жиі бұзылатындығын алға тартты. Олардың мүддесін қорғайтын заң шығаратын уақыт жетті  дей келе, жергілікті жерлерде маңызды мәселелерді шешу үшін   өздері де белсенділік танытулары керек екенін ескертті. 
Осы кездесуге қатысқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облыстық департаменті  басшысының орынбасары Қуаныш Жапақов күрмеуі қиын мәселелерді шешуге жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді. Өңірлік  кәсіпкерлер палатасының өкілдері де өз көмектерін беретін болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар