Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аспа бесіктер – қат тауарға айналды - АРҚА АЖАРЫ

Аспа бесіктер – қат тауарға айналды

Жаңа қой жылы  есігімізді қаққалы, көлік  жүргізушілері де әбден әбігерге түсті. Баланың аспа бесігін іздеген жұрт тапшы болған бұл құрылғыны сауда орындарынан таба алмай, теперішке түскен жайлары бар. Шіркін, аспа бесіктер автодүкендерде бола қойса ғой. Болған күннің өзінде бағасы удай қымбат затты сатып алуға қалталары көтермей, әбден ығырға түскені өкінішті-ақ.

Барлығы жаңа жылдан күшіне енген «Жол қозғалысы туралы» ереже талаптарынан бастау алды.  Тіпті, жүргізушілерді жол бойларындағы қарапайым ережелерге айыппұлдың көбейгені де мазалар емес. Әлгі баланың аспа бесігінің жоқтығы немесе тапшы болып отырғаны орынды реніштің туындауына да себепші болғанын несіне жасырамыз.
Неге осындай жаңа заң қабылданар алдында оны жүзеге асырудың тетіктерін толық қарастырып алмайды екен дейсің.  Бізде халықаралық талаптарды желеу етіп, жаңа реформа жасаушылық белең алып барады. Осы заңды қабылдаған депутаттар қауымы қарапайым адамдардың мүддесін неге қаперге алмайды. Әлде осылай заңнамаларға жаңалық енгізу арқылы өз бизнестерін өрге бас-тырып алуды көксейтіндер бар ма екен?!
Болары болды, «бояуы» сіңді. Енді жарапазан айтып, қамыққанмен ештеңе өнбейді. Себебі, заң қабылданды, ал, оны орындау әркімнің борышы.  Сондықтан, әлі күнге дейін баланың аспа бесіктері жайлы хабарсыз адамдарға жаңа заңдағы бұл талаптарды да естеріне салып кетуді жөн көріп отырмыз.
Сонымен, «Жол қозғалысы туралы» ережеде он екі жасқа дейінгі балаларды автокреслосыз немесе тиісті тұтқыр құрылғыларынсыз, алдыңғы орында арнайы ұстап тұру орындықтарынсыз тасымалдауға тыйым салынады.
Бұл құрылғыларды жіктеп айтар болсақ, 
айылбастары бар икемді бөлшектерден немесе баулардан, реттеуші құрылғылардан, бекіту бөлшектерінен және кей жағдайларда балаларға арналған аспа бесіктерден, алынып-салынатын орындықтан, көлік құралы шанағының ішкі бөлігіне бекітілетін соққыға қарсы экраннан тұратын  элементтер жиынтығы.
Сонымен бірге, жаңа туған сәби мен алты айға дейінгі нәрестелерге аспа бесіктер, бір жасқа дейінгі сәбилер үшін арнайы балалар орындықтары және одан әргі жастарға да креслолар  мен орындықтар қолданылады.
Балаларды ұстап тұратын құрылғылар да бекітілуіне қарай бірнеше санатқа бөлінеді. Олар әмбебап, шектеулі, жартылай әмбебап және ерекше қауіпсіздік белдіктері ретінде қолданылатынын ескеру керек.
 Осының бәрі жол апатында адам қауіпсіздігін сақтауға  арналады. Кейбір деректерге қарағанда, шетелде осындай автокреслоларды пайдаланудың нәтижесінде  балалардың мерт болуы – 80, жарақат алуы 60-70 пайызға төмендегенін көрсетеді. Ал, біздің елімізде өткен жылдың өзінде жол апаттарынан 89 бала көз жұмған екен.
Демек, осының бәрі бала қауіпсіздігін сақтауға және мұндай жол апаттарынан болатын зардаптардың алдын алуға бағытталып отыр. Бұған көлік жүргізушілері де түптің түбінде түсіністік танытатыны анық. Ең бастысы, бала амандығынан артық ештеңе жоқ екенін қаперден шығармасақ екен.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар