Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Діни экстремизм – бірлікке сына қағатын кесел - АРҚА АЖАРЫ

Діни экстремизм – бірлікке сына қағатын кесел

Бүгінгі таңда бүкіл әлем жұртшылығы діни экстремизмнің ауыр зардаптарын бастан өткеріп отыр. Дүниенің қай түкпірін алып қарасаң да,  экстремизмнің арбауына түскен арсыздардың бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атып, ынтымақ-бірлігіне сызат түсіріп отырғанын көресің.

Кеше ғана Францияның өзінде екі бірдей лаңкес бірнеше адамның құрбан болуына себепші болды. Бұл оқиғаны да әр ақпарат көздері  өздерінше па-йым жасауда. Біреулер бұл ақпарат құралы исламда қастерлі саналатын Мұхаммед пайғамбардың суретін келемеждеп салғаны дұрыс болмады. Бұл ислам дініндегілердің ашуын қоздыратын әрекет екенін айтса, ал, енді біреулер батыстың осындай сыңаржақ саясатына басталған террорлық әрекеттер екенін де жоққа шығармайды. Қалай десек те бұл оқиғалардың қарапайым адамдарға қауіп төндіріп отырғаны өкінішті-ақ.
Біз бейбітсүйгіш ел ретінде Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында діни экстремизмнің алдын алуға ерекше назар аударып отырмыз. Өз  ішімізде дінаралық келісімді нығайтып, әр діндегілердің ынтымақ-бірлігін сақтауға талпынатынымыз бар. Өйткені, діни экстремизмнің қашан да бейбіт елдің ынтымағын бұзып, іргесін сөгетіні еш жасырын емес.
Міне, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындау мақсатында  біздің басқармамен де көп іс-шаралар атқарылды. Әсіресе, халыққа мемлекеттік конфессионалдық қатынас негіздерін түсіндіру және құқықтық-діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында біздің облысымызда 20-ға тарта ақпараттық-насихаттау топтары жұмыс жасады. Оған барлығы 166 адам жұмылдырылды.
Өткен жылы осындай насихаттау топтарымен ел ішінде 32960 адамды қамтыған 726 іс-шара өткізілді. Олардың қатарында конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және дәріс беру кездесулері бар. Бұлардың барлығы пікіралмасу алаңдары, тренингтер, сынып сағаттары және зияткерлік викториналар негізінде жүзеге асырылды.
Әлеуметтік зерттеулер деректеріне қарағанда жастарымыздың 85 пайызы өздерін діншілдер қатарына жатқызады екен. Ал, олардың 15,7 пайызы тұрақты, 70,2 пайызы ұстамды және 15 пайызы діншілдікті теріске шығаратыны да келтіріледі. Сондықтан, ақпараттық-насихаттау топтары өз жұмыстарында осы мәселелерді назарға алды. Мысалы,  Егіндікөл, Астрахан, Атбасар, Жақсы аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларында осындай шараларға кәмелетке толмағандар ісі бойынша тіркеуде тұрған жұмыссыздар, нашақорлық пен ішімдікке бейім 187 адам жұмылдырылды.
Бір жағынан қазіргі жағдай  жастардың діни танымға деген көзқарастары толық қалыптасып болмағанын да көрсетеді. Олардың діни білімдерінің болмауы жастарды деструктивті ұйымдарға тартуға ықпал етеді. Ал, теріс ағымның жетегінде жүрген жастар ең алдымен имани құндылықтарды жоққа шығарады.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Қытай, Өзбекстан және Моңғолия мемлекеттерінен келген студенттермен алты кездесу өтті. Оның барысында еліміздің зайырлылығы мен дін саласындағы мемлекеттік саясаты жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, діни нанымдарға байланысты шетелге шығуға ынталы жастардың алдын алу мақсатында облыста туристік фирмалардың өкілдерімен де жұмыстар жүргізілді. Өйткені, шетелге шығатын жастар экстремистік көзқарастағы ағымдарға тез бейімделіп кететіні анықталып отыр.
Қоғамдағы отбасы құндылығын арттыруда әйел адамдардың басты рөл атқаратыны анық жай. Сондықтан, діни тұрғыдағы ата дінімізге қатысты тәлім-тәрбие берудің маңызын арттыру мақсатында бірнеше тақырыпта лот шаралары жүзеге асырылды. Онда діншіл әйелдерге арналып психологиялық кеңестер және әлеуметтік қызметтер ұйымдастырылды. Осылайша Көкшетау және Степногорск қалаларындағы әйелдер жамағатымен байланыс нығая түсті. Оның ішінде діни көзқарасы үшін сотталғандардың әйелдеріне материалдық көмектер көрсетілді. Ал, балаларына арналып Конституция және Білім күндеріне орай тренингтер ұйымдастырылды.
Әрине, діни жағдайда тұрақтандыруға ықпал ететін іс-шараларды да көптеп ұйымдастыру қажет. Діни жағдай мониторингі негізінде халықпен алдын алу жұмыстарының жаңа жолдары қарастырылады. Өткен жылдың қараша, желтоқсан айларында халықтың көп шоғырланатын орындарында  «OPEN AIR» (ашық аспан) форматында діни қатынастар саласындағы заңнаманы түсіндіру тақырыбына кеңестер мен әңгімелер өткізілді.
Қазіргі кезде мұндай жұмыстарға ғаламторды да пайдаланудың маңызы зор. Әсіресе, сайттар арқылы алдын алу  жұмыстарын көп жандандыруға болады. Мысалы, жыл бойы үш әлеуметтік желіде топтар құрылды. Оларда экстремистік ұйымдар идеологияларының жалғандығы және қазақ халқының діни дәстүрі насихатталды.
Өткен жылдың қараша айында облыстық дін істері басқармасының бастамасымен облыс орталығындағы жоғары оқу орындарында оқытушылар мен студенттер  қатарынан діни мәселелер бойынша арнайы насихат топтары құрылды.
Негізінен діни экстремизмнің алдын алу үшін аталған насихат топтарының  жұмыстарын жақсы қырынан атап өтуге болады. Сонымен қатар, мұндай топтардың жалпы білім беру деңгейін көтеруге де ерекше назар аударылады. Өткен жылы Атбасар, Бұланды, Ерейментау және Зеренді ауданында осындай топтардың жұмыс әдістемелері бойынша семинарлар өткізілді. Ал, «Көкше академиясы» базасында осындай аудандық топтардың жетекшілеріне арналып шебер-класс ұйымдастырылды.
Бурабай ауданының «Щучье» шипажайында әлеуметтік мәселе жөнінде қала және аудан әкімдерінің орынбасарларына, ақпараттық-насихаттық топтарының мүшелеріне, құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шараларын жүргізудің әдістері мен жолдары» тақырыбында облыстық оқыту семинар-тренингі болып өтті.  
Бұдан басқа ақпараттық топтардың жұмысын жақсарту мақсатында діни экстремизм мен теріс ағымдардың жетегінде кеткендердің өкініші туралы түсірілген төрт бейнефильм көрсетілді. Бұл фильмдерде исламдағы дәстүрлі емес ағымдардың зияндылығы мен қаупі жайлы айтылады.
Қазақстанның мемлекеттік-конфессионалдық саясатының мақсаты – мемлекеттің зайырлылық сипатын сақтау, дін тұту бостандығын мойындау, полиэтникалық халықтың діни мұрасын құрметтеу болып табылады. Бұл ретте ақпараттық-насихаттық топтарының мүшелері де көп жұмыстар атқарды. Алайда, әр тұрғынға  біздің аймақта тұрақтылықты нығайту және толеранттылықты сақтау идеяларын жеткізу үшін одан да көп жұмыс атқаруға тура келеді.

Сәуле ЫБЫРАЕВА,
Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар