Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Нұрлы жол» – Қазақстанның жаһандық дамуындағы жаңа бағдарына айналады - АРҚА АЖАРЫ

«Нұрлы жол» – Қазақстанның жаһандық дамуындағы жаңа бағдарына айналады

Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі облыстық үгіт-насихат тобының жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Астрахан ауданындағы жұмыс сапары кезінде аудан жұртшылығымен кездесу өткізді. Аудандық әкімдікте өткен актив жиналысында Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының маңызды сипаттары жайлы ой қозғап, бұл стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыруда өңірдің экономикалық және әлеуметтік даму әлеуетінің қандай болатындығы жөнінде әңгіме өрбітті.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өзінің Елбасы Жолдауы туралы әңгімесін бұл саяси құжаттың маңызды қырлары жөнінде бастап кетті. Өйткені, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев осы жаңа стратегиялық Жолдауын жаһандық қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстанның болашақ дамуын
бағдарлауға негіздеп жариялаған болатын. Бұл әлем саясаткерлерінің де оң көзқарасын тудырып, жаңаша дамудың даңғыл соқпағына түскен қазақ елінің бірегей бет-бейнесі паш етілетіні де еш жасырын емес.
Баяндамашы аудан активі алдында Елбасы Жолдауының жылдағыдай аз ғана мерзімге негізделіп емес, болашақтың жаңа асу белесінде Қазақстанның өсіп-өркендеуі көрініс табатынын баса айтты. Сосын «Нұрлы жол» атауымен бастау алатын жаңа саяси бағдарламаның тарауларына байланысты өзінің ой-тұжырымын білдірді. Ең алдымен, Елбасымыздың Қазақстанды дамытудағы салиқалы да көреген саясатының құндылығын өз сөзіне арқау етті. Мұнда Елбасының Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі нетүрлі экономикалық реформаларды еш қорықпастан қолға алып, оның мақсатына қол жеткізгені аталып көрсетіледі. Шыны керек, осы жылдар ішінде Қазақстан әлемдегі серпінді дамыған елу елдің қатарына қосылды. Ендігі меже осындай өркенді дамыған отыз мемлекеттің санатынан орын алу болып отыр. Сондықтан, бұл жаңа Жолдау жаһандық қаржы дағдарысына қарамастан Қазақстанды одан әрі қарышты дамытуға бет бұру үшін жаңа мақсаттарға жетелейтіндігі анық.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Жолдауда айтылған инфрақұрылымдық дамыту жос-
парын жүзеге асыру аясында экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға қаржылай қолдау жасалатынын да талдап берді. Ұлттық қордан бұл мақсатқа қыруар қаржы бөлінетіндігі Елбасы Жолдауында да айтылған болатын. Осының бәрі шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу, жалға берілетін тұрғын үй құрылыстарын салу сияқты өміршең мәселелерді шешуге бағытталатын болады. Ал, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және су, жылумен жабдықтау инфрақұрылымдарын жаңарту жұмыстарын жүргізуге де миллиардттаған теңге қаржы бөлінбекші.
Шешен өз сөзінде көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытудың келелі мәселелері жөнінде де ой қозғады. Ол бүгінгідей экономикалық қиындықтарға қарамастан, көлік жолдарын заманауи түрде салу арқылы экономикамыздың бұдан да серпінді дамитынын атап көрсетті. Жолдауда айтылған көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың негізгі өзегі орталық арқылы тармақ жолдарды жаңадан салу болып отыр. Демек, Елордасы Астанадан еліміздің батысына, шығысына, оңтүстігіне және солтүстік арқылы Ресейге жаңа жолдар салынып, Қазақстанның сыртқа шығатын қарым-қатынасы жаңаша сипатта дамитыны белгілі болып отыр.
Мұны айтып отырғанымыз, осы күретамыр жолдар ең алдымен біздің өңіріміз – Ақмола облысын басып өтетіні анық. Олай болса, еліміздің барлық өңірлерімен жаңа жолдар арқылы байланысатын біздің облысымыздың әлеуеті де арта түспек.
– Индустрияландыру картасының алғашқы бес жылдығы аясында біздің облысымызға 764 миллиард теңгенің 85 жобасы енгізілген болатын, – деді Елбасының Жолдауын түсіндіру жөніндегі облыстық үгіт-насихат тобының жетекшісі.
– Бүгінгі күні бұл жобаның 44-і жүзеге асырылды. Сөйтіп, 4700 жаңа жұмыс орындары ашылды. Әсіресе, кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі арта түскенін баса айтуға болады.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында облысымызда өте сирек кездесетін металдар өңдейтін және басқа да өндірістік жаңа өнімдер шығаратын кәсіпорындар іске қосылды. Ал, қазіргі күні тағы осы бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында 119 миллиард теңгенің 79 жобасын жүзеге асыру қарастырылып отыр.
Баяндамашы өз сөзінде инновациялық дамудың Астрахан ауданындағы жағдайына да жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, индустрияландыру картасына аталған аудан бойынша «Протехинвест» және «Диірмен-өнеркәсіп компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің инновациялық жобалары бойынша құжаттар әзірленуде. Мысалы, «Протехинвест» серіктестігіне Каменка селосында арнайы жер телімі бөлініп, жылына 144,0 миллион дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикасының жұмыртқа өндірісі іске қосылмақ.
Негізінен, насихат тобының жетекшісі өзінің аудан активімен кездесуін сылдыр баяндама оқумен емес, Жолдауда айтылған маңызды жайларды ортаға салып, түсіндіріп, пікір алмасу екенін атап көрсетті. Ол Елбасы Жолдауындағы айтылған тұжырымды ойларды әртүрлі ақпарат көрсеткіштері арқылы дәлелдеп айтып берді. Мысалы, біздің елімізде жұмыссыздық ішінара шешімін табуда. Бірақ, кейбір адамдар қазіргі Қазақстанда жасалып жатқан жақсы істердің маңызын түсінбегендіктен, салғырт қарайтыны еш жасырын емес. Кейде биік мінберлерден оқылатын баяндамалар құрғақ сөз деп те сөгіп жататыны бар. Ал, шынтуайтында Қазақстан осы жылдар ішінде көп елдерден көш ілгері кетті. Осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында екенін мойындауымыз керек.    
Әлемнің мықты дамыған батыстағы мемлекеттерінің өзі қазір көп қаржылай қиындыққа кезігіп отыр. Италия мемлекетін алайықшы, ондағы жұмыссыздық – 13, ал, жастардың жұмыспен қамтылмауы – 49 пайызды құрайды екен. Мұндай көрсеткіштерге терең үңілген адам Қазақстандағы жағдайға қанағаттанар еді. Егер дамыған елдердің өзі осылай өрге басудың орнына, кей көрсеткіштерінен кері кетіп жатқаны басқаға үлгі-өнеге болары анық. Сондықтан, Елбасының бұл Жолдауы жай ғана саяси құжат емес, Қазақстанды өрге бастырудың ондаған жылдарға арналған бағдары екендігін еш ұмытуға болмайды. Мұны жоғары биліктегі адамдар ғана емес, жергілікті жердегі сіздер мен біздер де шынайы түсіністікпен қабылдауымыз қажет. Өйткені, елдік даму ең алдымен өңірлерді өркендету арқылы жүзеге асатынын естен шығармасақ екен.  
Нұрлан Нұркенов Елбасы Жолдауын жүзеге асырудағы көп жағдай өзімізге байланысты екенін баса айтты. Көп адамдар әлі күнге дейін мемлекетке алақан жаю пиғылында екендігін қалай ұмытамыз. Бізге барлығын басқалар істеп береді деген уәжбен өмір сүріп жатқанымыз бізді алға сүйремейді. Осының барлығы елімізді, оның ішінде өңірімізді дамытудағы біздің қолға алған істерімізге кері әсерін тигізеді.  
Ол бір сөзінде Қазақстандағы орташа жас 26 жасты құрайтындығын айта келіп, мемлекетіміз әлемдегі ең жас елдердің қатарында болғандықтан, көп іргелі істерді жүзеге асыруға мол мүмкіндіктер туғызатынын айтты. Сондықтан, біздің болашағымыз – жастарымызға үлкен сенім арту қажет екенін тілге тиек етті. Әлі де болса жастарымыздың белсенділігі тиісті дәрежеде емес. Олардың бойындағы отансүйгіштік сананы тәрбиелеу үшін көп жұмыстар істеуге тура келетіні тағы да белгілі. Осы тұрғыда алдыңғы толқын аға ұрпақтың бұған қосар үлесі жоғары екендігі аталып айтылды.
Міне, Елбасы Жолдауындағы басты мақсат етер міндеттердің ең алдымен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатыны да осыдан аңғарылады. Қазір жаңа Жолдауды жүзеге асыру аясында жергілікті жерде тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту мәселесі жандана түсті. Ең бастысы тұрғындардың барлық топтарын қолжетімді тұрғын үйлермен қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Ондай тұрғын жайларды алғашқы жарнасыз және төменгі пайыздық мөлшерлемелермен алу мүмкіндігі жан-жақты қарастырылатыны да күн тәртібінде тұр.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауын-да 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысын қаржыландыруға 180 миллиард теңге бөлу жөнінде тапсырма берді. Біздің облысымызда да қазіргі күні 32 көппәтерлі тұрғын үйлер салынуда. Оның 202-сі жалға берілетін, 155-і жас отбасыларға және 150-і тұрғын үй құрылысы салымдары жүйесі арқылы берілетін болады. Ал, жеке инвестициялар есебінен тағы 800 жеке тұрғын үйлер салынбақшы.
Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуда – ең маңызды салалардың бірі Елбасы бұл бағытта апатты жағдайда тұрған, үш ауысымда оқытылатын мектептер мен балалар бақшасы жетіспеушілігі проблемаларын шешу жөнінде тапсырма беріп отыр. Осының өзі  Елбасы Жолдауының әлеуметтік сипатының да басым бағытта екенін көрсетеді.
Шыны керек, біздің облысымызда апатты жағдайдағы мектептер жоқ. Соған қарамастан, алдағы жылдары да кезең-кезеңмен жаңа білім ордалары мен бала бақшалар салынатын болады.
Сонымен бірге, ол мемлекеттік бюджет есебінен салынатын нысандарға ғана қарап отыруға болмайды. Жергілікті атқарушы билік инвестициялық арналарды іздеп, жекеменшік білім ошақтарын көптеп салуға да тырысулары керектігін айтып өтті. Біздің облысымызда мұндай мысалдар жетерлік. Сондықтан, осының барлығы Елбасы Жолдауына байланысты республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны ғана игеру тұрғысында қолға алынбауы тиіс. Әкімдіктер өздерінің жекеменшік инвестициясы арқылы әлеуметтік нысандар салуға байланысты белсенділіктерін арттырулары қажет.
Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі облыстық үгіт-насихат тобының жетекшісі Нұрлан Нұркенов шағын және орта бизнесті қолдау бағытында мемлекет тарапынан істелініп жатқан игі шараларды да атап айтты. Оның сөзіне қарағанда 2050 жылға қарай шағын және орта бизнестің еліміздегі ішкі жиынтық өнім көрсеткішіндегі үлесі 50 пайызға жетуі аса қажет деген Елбасының тапсырмасын да еске салды. Шынында да, бұл бағытта бізге көп жұмыс істеуге тура келеді. Атап айтсақ, Ақмола облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес нысандарының саны 32,9 мыңнан асады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша төрт жыл ішінде 6,4 миллиард теңгенің 307 жобасы мақұлданған.
Бұл ретте, Астрахан ауданындағы шағын бизнестің де үлестік салмағы артып келе жатқанын тілге тиек етті. Өткен жылдың өзінде жаңа нысандардың ашылуы арқасында 44 жұмыс орны құрылған екен.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жиналғандардың назарын биылғы жылы аталып өтетін мерейтойлық шараларға да аударды. Қазірдің өзінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның және Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерейтойларына байланытсы дайындық шараларының қолға алынғандығы айтылды. Биыл тұңғыш рет елімізде Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерекесі айшықты түрде аталып өтілмекші. Өйткені, бұл мерекенің біздер үшін маңызы да зор, тағылымы да жоқ емес. Сонау ғасырлар тереңінде қазақтың басын қосып жеке ел етемін деген Керей мен Жәнібек хандардың ғибратты ісі кейінгі кезеңде Абылай мен Кенесары хандардың да көрегендік істерімен жалғасқаны анық. Сондықтан, осынау мерекелерді лайықты қарсы алу біздің ұлттығымыздың басты нышаны болмақ. Өйткені, Қазақстан өзінің өткен тарихын саралау арқылы тәуелсіздіктің баяндылығын паш етті. Осы елді мекендеген барлық ұлттардың ортақ мүддеге жұмылған саяси тұрақтылығын қамтамасыз етті.
Міне, Елбасы Жолдауы Қазақстанның алдағы ондаған жылдарда қарышты дамуының басты бағдары болып қана қалмайды. Осы елде өмір сүріп жатқан барлық ұлттардың еркіндігі, тұтастығы және ынтымағы арқылы жаңа мемлекет құрудың бастауы екендігі айтқан ләзім.
Қазіргі жаһандық дағдарыс еш мемлекетті сырт айналып кетпейтіні анық. Ал, қазақ елі Елбасыдай дана көшбасшысы арқылы бұл қиындықтан еш мойымай өтетініне сенім мол. Өйткені, оның «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы әрбіріміздің ден қойып оқитын, түсінетін және одан сабақ алатын құнды құжатымыз, салиқалы бағдарымыз болатынына еш күмәніміз жоқ.

Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар