Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыбайлас жемқорлық – қатерлі дерт - АРҚА АЖАРЫ

Сыбайлас жемқорлық – қатерлі дерт

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аумақтық орталығында өткен  семинарда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия-сы талқыланып, өңірдің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне оның негізгі бағыттары  жан-жақты түсіндірілді.

Осы орайда, шараның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің мұрындық болуымен өткендігін айта кетейік. Семинар барысында сөз алған департамент басшысының орынбасары, Тәртіптік кеңес төрағасы  Қуаныш Жапақов  қоғам дертіне айналған кеселді жеңудегі он жылдық стратегияны іске асыруда,  жалпы, жемқорлықпен күресте  баспасөз бен теларналардың орнының бөлек екендігін атап өтті.
Бұдан кейін «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші  орынбасары Ғалым Бекмағамбетов стратегиядағы төртінші бағытты, бұл тұрғыдағы партиялықтар мен тілшілер атқаруға тиіс тірліктерді жіпке тізіп өтті. Партияның Саяси Кеңесінің отырысында Мемлекет басшысының халыққа кезекті Жолдауын арнап, Ұлттық Қордан бөлінер қаражатты бақылауға нұротандықтардың жауапты екенін айтуы оның әрбір мүшесіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Бюджеттегі әр тиынның тиімді игерілуін қадағалау үшін әрине, партиялықтардың өзінің мұндай қылмыстардан ада, таза болуы маңызды.
Филиал  төрағасының бірінші орынбасары партиялық бақылау бекеттерінің бұған дейін тиімді жұмыс атқарғанын да баса айтты. Дегенмен, тиісті құқықтық базаның болмауынан олардың өз жұмыстарын тоқтатқан жайы бар. Соған қарамастан, облыстық партия филиалы  бірқатар үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заң күшіне енер болса, бұл жұмыс жанданар еді. Ол өз сөзін түйіндей келе, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін  әйтеуір есеп үшін орнатыла салған пандустар мен басқа да мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз ортаны қалыптастыруға бағытталған орындардың сапасы жөнінде журналистік зерттеу жүргізуге шақырды.
Бұдан кейін облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенко былтыр палатаға төрт жүзге жуық өтініштің келіп түскенін, 114 кәсіпкердің құқығының қорғалғанын айтты. Маман келтірген мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігіне байланысты заңды тұлғалар арасында жүргізілген  сауалнама нәтижелеріне тоқталар болсақ, сұралғандар аймақ бойынша кәсіпкерлермен тығыз жұмыс істейтін 39 бөлімнің жетеуін ғана жоғары бағалаған. Ал, облыс орталығындағы жер қатынастары, сәулет бөлімдері төмен баға алғандардың қатарында. 
Семинарда сөз алған сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге мүдделі басқа да органдардың өкілдері мен тілшілер қауымы стратегияны негізге алып, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге, халықтың билікке деген сенімін қалыптастыруға бір кісідей жұмылуға уағдаласты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар