Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Мәңгілік ел» Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылаған Бурабай ауданы активінің жиналысы болып өтті. Алқалы жиында облыс әкім - АРҚА АЖАРЫ

«Мәңгілік ел» Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылаған Бурабай ауданы активінің жиналысы болып өтті. Алқалы жиында облыс әкім

Актив жиналысына сондай-ақ, селолық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, аудандағы жергілікті атқарушы билік санатындағы бөлімдердің, денсаулық сақтау, мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру ұйымдарының, кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, саяси партиялардың, жеке сектордың, қоғамдық, этно мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күннен-күнге ушыға түскен геосаяси жағдай ешбір халықты айналып өткелі тұрған жоқ. Талайды абдыратып үлгерген әлемдік дағдарыстан тек жұдырық болып жұмыла білген мықтылардың ғана жол тауып шыға алары айқын. Осы орайда, Мемлекет басшысы қазақстандықтарға сол жаңа жолды көрсетіп беріп отыр. Маңызды құжатты жіліктей сөйлеген Нұрлан Нұркенов алдымен, осы жайтқа ерекше тоқталып өтті.
Бұдан кейін ол Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың елдегі инфрақұрылымды дамытуға жұмсалатындығын айтты. Жолдауда айтылған көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуда өңірдің әлеуеті мол. Нақты аудан жайлы айтар болсақ, Щучинск – Бурабай курорттық аймағы бұл жерде басым бағыт ретінде қарастырылатын болады. Мәселен, табиғаты тамылжыған осы аймақты дамытып, туристер тартудың  2014-2016 жылдарға арналған  жоспарын жүзеге асырудағы жолдар құрылысының өзіне  1 миллиард теңге бөлініп отыр. Ал, индустриалдық инфрақұрылымды дамытуда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орны бөлек десек,  ауданнан осы Индустрияландыру картасына  облыстың «Бурабай» арнайы экономикалық аумағы маңында туристік ойын-сауық кешенін салу жобасы енгізілді. 2021 жылы құрылысы аяқталады деп көзделіп отырған аталған жобаға қазірдің өзінде жалпы сомасы  13537 миллион теңге көлеміндегі инвестиция тартылып үлгерген.
Негізгі басымдылық туризм саласына бөлінгендіктен, бүгінгі таңда республикалық бюджет қаражаты есебінен Бурабай кентінің жолдары жөнделіп, жылу қазандығы салынуда. Жолдаудағы туристік инфрақұрылымды дамыту мәселесін айтқанда, тағы да «Қазақстанның Швейцариясын» дамыту жайына тоқталмасқа болмас. Қазір Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамытудың екінші кезеңі іске асырылуда. Бұл бағытта бөлінген 47,6 миллиард теңге өңірдің туризм әлеуетін арттырып, қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешуге, көліктік-логистикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалуда.  Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесі де Бурабайға туристер тартуға таптырмас мүмкіндік болып отыр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылығы инфрақұрылымын дамытып, су және жылумен қамту жүйелерін жаңғыртуда да ауданда ілкімді істер атқарылуда. Биыл облыс бойынша үш жылу қазандығының құрылысы аяқталады десек, соның бірі Бурабай кентінде. Алдағы бес жылда Щучинск қаласының жылу жүйелерін толығымен жөндеуден өткізіп, жаңғырту көзделген. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Щучинск  қаласын газбен қамту бағдарламасы да әзірленуде. Аудандағы 22 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Биыл Савинка және Зеленый бор елдімекендеріндегі сумен жабдықтау нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Ал, тұрғын үй инфрақұрылымын дамытып, халықты баспанамен қамтуда аудан орталығында республикалық бюджет есебінен 75 пәтерлік көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл 45 пәтерлік үйге инженерлік-коммуникациялық жүйелер тартылады.
Жолдаудағы әлеуметтік инфра-құрылымды дамыту тұрғысынан ауданда апатты және үш ауысымды мектептердің жоғын айта кетейік. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында Абылай хан атындағы орта мектеп пен Зеленый бор мектеп-гимназиясына жөндеу жүргізілген. Бала бақша кезегінде тұрған 1600 баланың мәселесін шешу үшін Щучинск қаласы мен Бурабай, Оқжетпес, Қатаркөл ауылдарында мектепке дейінгі мекемелер салу көзделуде. Жаңа экономикалық саясат жобасында шағын және орта бизнесті дамытып, тұрғындардың іскерлік белсенділігін арттыру жайына да айрықша назар аударылған еді. Осы орайда, ауданда былтыр шағын бизнес субъектілерінің жаңа 313 жұмыс орнын ашып, осыншама халықты еңбекпен қамтығанын еске сала кеткен ләзім.
Бұдан бұрын өзі басшылық жасаған ауданға келген Нұрлан Нұркеновты жерлестері жылы ықыласпен қабылдап, оның сөзін бір кісідей ұйып тыңдағанын айта кеткен жөн.
−Бурабай ауданының облыстағы өңірлердің ішінде орны бөлек екені баршаға мәлім. Бұл – чемпион аудан. Бірақ, маңыздысы бұл емес. Мен үшін бастысы − осы аймақта қызмет атқарған аз ғана уақыт ішінде сіздердің менің жүрегімнің чемпиондарына айналғандарыңыз. Мен «Нұрлы жолды» ойдағыдай іске асыруда да өздеріңізді белсенді болады, осы іске бір кісідей атсалысады деп сенемін, − деді ол өз сөзінде.
Актив жиналысының соңында жерлестерінің алдында сөйлеген аудан әкімі Төлеген Ташмағамбетов те осы пікірді қолдап, аймақ халқын билікті сынап-мінеуге емес, жаңа экономикалық саясаттағы ортақ міндеттерді іске асыруда мүдделес болуға шақырды.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар