Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа міндеттер жауапкершілік жүктейді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа міндеттер жауапкершілік жүктейді

Бүгінгі таңда «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шапағаты облыстық денсаулық сақтау басқармасының сан салалы қызметінен айқын көрініс тауып отыр. 

Қасымжан ТӘШМЕТОВ,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы 

Денсаулық сақтау саласында да тың бастамалар жетіп артылады. Оның ішінде, қабылданған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында адамдардың денсаулығын нығайту және өмір жасын ұзарту, аурудың алдын алу көзделген.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында әлеуметтік саланың басты назарда болатынын ерекше екпін түсіре айтты.  Сондықтан, аталмыш саланың оң қарқынмен дамуында материалдық-техникалық базаны нығайтуды ерекше назарда ұстап отырмыз. Былтыр Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылында емхана ашылды. Сондай-ақ, Аршалы ауданының Анар, Жалтыркөл ауылдарында, Бурабай ауданының Қатаркөл, Ақкөл ауданына қарасты Домбыралы, Жарқайың ауданының Уәлихан, Целиноград ауданының Қызылсуат, Еңбекшілдер ауданының Үлгі ауылдарында дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункттер пайдалануға берілді. Ал, 2015 жылы Ақкөл мен Зеренді аудандарында екі емхана, Жарқайың ауданында емханасы бар аудандық орталық аурухана, Бурабай кенті мен Талапкер, Қабанбай батыр ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ, Аршалы ауданына қарасты Қостомар ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылады. Өткен жылы 17 нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс әкімі Сергей Кулагиннің тапсырмасына орай,  Есіл қаласында аудандық емхана құрылысының жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған  медициналық мекемелерді жөндеуден өткізуге ерекше мән берілуде. Осы орайда, ресубликалық және облыстық бюджеттен 900 миллион теңге қаржы бөлініп, 18 аурухана мен емханаға күрделі жұмыстар жүргізіледі.Денсаулық сақтау саласының дамуына демеушілер тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетілетін болады. Кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының көмегімен, сондай-ақ, ауруханалардың өз қаражаты есебінен медициналық мекемелерде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жақсы  аудандық ауруханасының шатырына күрделі жөндеуді «ТNК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізсе,  Еңбекшілдер аудандық ауруханасы Макинка  дәрігерлік амбулаториясының  ғимараты да демеушілердің көмегімен жөндеуден өтті.
Қазіргі таңда ауылдардағы амбулаториялар мен фельдшерлік пункттерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жекеменшік кәсіпорындар жұмысқа тартылуда. Ал, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты жаңа денсаулық нысандарының құрылысына техникалық шарттарды дайындау, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары мен қосымша медициналық жабдықтармен жарақтандыру жүзеге асырылуда. Осы міндеттердің шешімін табу үшін республикалық және жергілікті бюджет есебінен  656,8 миллион теңгеге медициналық жабдықтар мен 18 реанимобильді, санитарлық автокөліктер сатып алынды. Осы шаралардың нәтижесінде, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету 65 пайызды құрады. Облыс аудандарының барлығы санитарлық реанимобильді автокөліктермен қамтамасыз етілді.
Астананың айналасындағы елдімекендердегі тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін санитарлық авиациялық бөлімшесі ашылды. Соның нәтижесінде Астана  аумағындағы Ақкөл, Шортанды, Аршалы, Қорғалжын, Егіндікөл, Астрахан, Ерейментау, Целиноград  аудандарының  150 тұрғынына шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, Атбасар, Ақкөл, Бурабай аудандарында ауданаралық травматологиялық бөлімшелер ашылды. Оларды қажетті құралдармен жабдықтау үшін жергілікті  бюджеттен 100 миллион теңге қаржы бөлінді. Халыққа медициналық қызмет көрсетуде травматологиялық бөлімшелер көп мәселелерді шешеді. Әсіресе, жол апатына ұшырағандарға дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетуге жағдай жасалды.
Біздің елімізде денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінеді. Диспансерлік есепте тұрғандарға тегін дәрі-дәрмек берілетінін де ерекше атап өтуге болады. Науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қаржы қарастырылған. Өткен жылы облыстағы барлық ауруханаларда  тоқсан мыңға жуық науқас емделді. Жоғары мамандандырылған медициналық көмекті 370 пациент алды. Мамандандырылған дәрігерлерден құралған облыстағы үш жылжымалы медициналық кешен бес жүзге тарта елдімекендерге шығып 66388 тұрғынға медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары жылжымалы флюорографиялық, маммографиялық тексерістен өтуге зор мүмкіндік алды. Анықталған науқастар диспансерлік есепке алынып, қажетті  медициналық көмек көрсетілді. Бұл атқаратын  ауқымды жұмыстар  облыс тұрғындарына  сапалы және қолжетімді медициналық  көмек көрсетуге көп  септігін тигізді. Cонымен қатар, клиникалық сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі ауыл тұрғындары үшін 55 пайызды құрайды. Аурудың алдын алу мақсатында елеулі жетістіктің бірі скринингтік тексерулер деп айтсақ артық емес. Осы орайда, онкологиялық, қан айналым, тағы басқа ауруларды алдын алу үшін өткен жылы 180 миллион теңге бөлінген болатын.
Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласында кадр мәселесін күрделі деуге болады. Қазіргі кезде медициналық ұйымдарда 1796 дәрігер мен 6054 орта медициналық қызметкер бар. Алайда, бұл мәселені біртіндеп шешетін боламыз. Өткен жылы облысқа 69 жас дәрігер  келді. Мектеп түлектерінің арасында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 156 талапкер медициналық жоғары оқу орындарына түсті. Облыс әкімі Сергей Кулагиннің  ұсынысы бойынша осы жылдан бастап 120 мектеп бітіруші облыстық бюджет қаржысы есебінен оқытылмақшы.
Былтыр атқарылған іс-шаралар халық денсаулығының индикаторлық көрсеткішінде оң нәтиже беруде. Жалпы, өлім-жітім көрсеткіші 9,5 пайызға азайған. Қан айналым жүйесі аурулары бо-йынша өлім-жітім 20,4 пайыз, ал, ауыр жарақат пен улану, онкологиялық ауру көрсеткіші 13,6 пайыз, бала өлімі 33,1 пайыз, туберкулез ауруына шалдығу 10,1 пайызға төмендеген. Жоспарланған  мақсаттарға қол жеткізуде негізгі факторларға «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі» мемлекеттік бағдарламасы аясында медициналық көмектің қол жетімдігін қамтамасыз ету және сапасын жоғары деңгейге жеткізу жатады. Медициналық мекемелерде тәуліктік, емханалар мен амбулаторияларда күндізгі стационарлық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, ауру түрі мен оның асқыну деңгейіне орай, оңтайландыру жұмыстары қарастырылған. Яғни, экономикалық тиімділікке орай, науқасқа күндізгі стационарлық ем тағайындалады.
Біздің алдымызға қойып отырған басты мақсатымыз – аурудың алдын алып, диагностикалық, профилактикалық жұмысты жандандыру. Осы бағытта Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев «Саламатты өмiр салты мен адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгi қағидаты – мiне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең басты мәселесi болуы тиiс» екендiгiн атап көрсеткен болатын.
«Саламатты Қазақстан» мелекеттік бағдарламасының екiншi кезеңінде (2014-2015 жылдарда) аталған мiндеттердi шешу үшін жеке және қоғамдық денсаулықты нығайтуға және сақтауға мемлекеттiң, жұмыс берушiлер мен азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершiлiгiн арттыру көзделген. Әрбір қазақстандық темекі мен ішімдіктен аулақ болып, спортпен, дене шынықтырумен шұғылданғандары абзал. Осылайша, дені сау ұлт пен ұрпақ тәрбиелей аламыз. Уақытында медициналық көмекті пайдаланып отырсақ, түрлі аурулардың алдын алуға болатынын да естен шығармауымыз керек. Жалпы, биыл облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 30446 миллион теңгені құрайды.
Ең бір өзекті мәселе – Астана қаласында орналасқан №2-ші облыстық ауруханасы мен Атбасар аудандық ауруханасының базасында инсульттік орталық ашу. Тағы бір айта кетерлігі, ауыл тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыста телемедицина жылдан-жылға жетілдірілуде. Басқа саламен салыстырғанда халық денсаулығын сақтау үшін медицинада озық тәжірибелер қолданылуда. Жалпы, 2014 жылы жоспарланған жұмыстарды іске асыруда халық денсаулығын нығайтуға медициналық ұйымдардың елеулі үлес қосқанын ерекше айтып өткім келеді. Биыл бізді ауқымды міндеттер күтуде. Тұрғындарға сапалы  медициналық көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралардың мән-маңызы жоғары. Медицина қызметкерлері өз міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде атқаратынына кәміл сенемін. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар