Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жағдай бұрынғыдан жақсы - АРҚА АЖАРЫ

Жағдай бұрынғыдан жақсы

Первомай селолық округінің әкімі Вячеслав Дембицкий Лозовое ауылы-ның тұрғындары алдында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Осы округте біраз адамды жұмыспен қамтып отырған «Фермер – 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Валерий Пельцер де жиынға қатысып,  жерлестерінің алдында сөз сөйледі. Ол серіктестіктегі пайшылар мен жұмысшылардың осы лозовойлықтар екенін айтып, бүгінде ауыл көшелеріндегі асфальт пен грейдер, жарықтандырудың елдімекендегі жағдайдың жақсы екендігін көрсететін басты көрсеткіштер екенін айтты. Бұған қоса, шаруашылық  Қарттар күнінде зейнеткерлер мен мүгедектерге қол ұшын беріп отырады.  Ауылдағы  жедел жәрдем көлігін сатып алған-да, фельдшерлік пункттің санитар қызметкеріне жалақы төлейтін де осы серіктестік.
Әкім де өз баяндамасында  Президент алға қойған міндеттерді орындау барысындағы негізгі көрсеткіш – халықтың өмір сүру сапасын арттыру екенін атап өтті. Бұл орайда, Лозовое көпке үлгі боларлықтай десек, қателеспейміз. Елдімекен өзгелерден ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы жоғары жалақы және пай мөлшерімен ерекшеленеді. Ауылдың әрбір екінші тұрғынының салоннан су жаңа автокөлік мініп, жиһаздар мен тұрмыстық техникаларын ұдайы жаңғыртып отыруын да осы байқуаттылықтың көрсеткіші десек, қателеспейміз.
Осылайша, бизнес пен  биліктің әлеуметтік әріптестігі ауылдың гүлденуіне зор ықпал етіп отыр. Мәселен, былтыр осы шаруашылықтың қаржылай қолдауының арқасында  округтегі негізгі мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқушылар ыстық тамақпен қамтылып, олар білім ордасына тегін тасымалданады. Ауыл ішіндегі жолдарды өз деңгейінде ұстау, көшені жарықтандыру,  тек округ тұрғындары ғана емес, көрші ауылдағылар да өнімдерін тұтынатын наубайхананың жүйелі жұмысын қамтамасыз ету – мұның бәрі округтегі серіктестіктің мойнында.
Осы нан мәселесін есепті кездесуде ұстаз Леонида Задорожная көтерді. Наубайхананың жабылу ықтималдығын сұраған оның сауалына серіктестік басшысы Валерий Пельцер кәсіпорынның шығынға батып отырғанын растады. Олай болатын себебі, бұл наубайхананың наны нарықта 50 теңгемен саудаланатындықтан, ол өзін-өзі ақтай алмай отыр. Басшы өз сөзінде тым болмағанда бағаны 20 теңгеге көтерсе, пайдаға шаш етектен батпаса да, шығындарды жабуға болатынын айтты. Ол қалай болғанда да, мәселені бірге ойласып шешетіндігін жеткізді.
Кездесуде бұдан басқа да өзекті мәселелер көтерілді. Ең бастыларының бірі – білікті мамандар тапшылығы болып табылады.  Округ мал дәрігерлері, механизаторлар мен  музыка, информатика пәндерінің ұстаздарына зәру.  Сондықтан, серіктестік басшысы ауыл тұрғындарына балаларын осы салаларда білім алуға жіберіп, олардың елге ораларына кепілдік беретіндердің оқу ақысын төлеуге ықылас танытты. Ауылды сапалы ауыз сумен қамту да күрмеуі қиын мәселенің бірі. Бұл жайтқа қатысты округ әкімі су құбырының 2017 жылдан бұрын тартылмайтындығын ашық айтты. Жиын соңында  ауыл тұрғыны, зейнеткер Далабай Бейісов сөз сөйлеп,  аштан өліп, көштен қалып жатқан ешкімнің жоғын тілге тиек ете келе, жерлестерін барды қанағат тұтып, ерінбей еңбек етуге шақырды.
Лидия ЧЕРНЕГА.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар