Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабай мәселесі. жаңа орталық. - АРҚА АЖАРЫ

Бурабай мәселесі. жаңа орталық.

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, аудан, қала әкімдері, департаменттер мен басқармалардың басшыларының қатысуымен Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жайында кеңейтілген мәжіліс өткізді және жедел басқару орталығының ашылу салтанатына қатысты.

Мәжілісте аталған бағдарламаның бірінші кезеңі, яғни, 2012-2013 жылдары атқарылған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, екінші кезеңі – 2014-2016 жылдарға белгіленген міндеттер мен алдағы жоспарлар талқыланды.Бұл жолы жиналғандарға алдымен «Бурабай 2015» әлеуметтік-шаруашылық бағдарламасын жүзеге асыру жобасы таныстырылды. Онда өңірде құс шаруашылығы, көкөніс сақтау, ет және сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын ашу қарастырылған.
Бұдан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту мемлекеттік бағдарламасының 2012-2013 жылдарға арналған бірінші кезеңі бойынша атқарылған жұмыстар жайында хабардар етті. Оның
айтуынша, аталған бағдарламаның осы кезеңінде бюджеттен 18 миллиард теңге қаржы бөлініп, оған бірінші кезекте 89 шараны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл көрсетілген шаралардың 20-сына орталық мемлекеттік органдар, 37-сіне облыстағы салалық басқармалар жауапты болатын. Ал, қалған 32 шара қаржы қажет етпейді деп танылған. Сондай-ақ, 11 миллиард теңгеге бағаланған облыстық басқармаларға жүктелген шаралардың тек жетеуі ғана жүзеге асырылып, жиырма үші аяқсыз қалып, бағдарламаның екінші кезеңіне белгіленді. Ал, қалғаны жарамсыз деп танылған жайы бар. Осы орайда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау саласында көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Мәселен, білім саласы бойынша Еңбекшілдер, Бурабай және Зеренді аудандарында жүзеге асыру жоспарланған 6 мектептің үшеуі ғана пайдалануға берілген. Әсіресе, Щучинск қаласындағы 900 оқушыға арналған мектептің құрылысы сағыздай созылуда. Бұған әрине, қаржы уақытында аударылмаса түсіністікпен қарауға болар еді. Алайда, жергілікті әкімдіктегі жауапты адамдардың және мердігерлердің салғыртығы мен жауапсыздығынан орын алып отырған көрінеді.
Алқалы жиынды қорытындылаған өңір басшысы құрғақ есеп беріп, жұмысқа жүрдім-бардым қараған басшыларға қатаң ескерту жасап, алдағы уақытта өзіне міндеттелген істерге салғырт қарағандардың жауапқа тартылатынын қатаң ескертті. Сондай-ақ,
Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту мемлекеттік бағдарламасының 2014-2016 жылдарға арналған екінші кезеңінде жүзеге асыруға көзделген жобалар облыс әкімінің өз бақылауында болмақшы.
Сонымен қатар, өңір басшысы Щучинск қаласында жедел басқару орталығының ашылу салтанатына қатысты. Щучинск облыста ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығы (ЖБО) қызмет ете бастаған санаулы елді мекендердің біріне айналып отыр.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі 20 еселік оптикалық үлкейту қасиеті бар, ауа райының кез-келген жағдайында басқарылатын 20 бейнебақылау камерасынан тұрады. Олар қала көшелерінің көлік кептелістері жиі орын алатын және тұрғындардың көп жиналатын жерлерінде орналастырылған. Мұндағы 15 бейнебақылау камерасы Щучинск қаласында, бесеуі Бурабай кентінде орнатылған. Алдағы жылдың екінші тоқсанында бейнебақылау камераларының санын арттыру жоспарланып отыр.
– Щучинск-Бурабай курортты аймағы жаз айларында халық көп баратын жер. Щучинскідегі жедел басқару орталығы жол-көлік ережесін бұзу, өзге де қылмыстардың бетін ашуға мүмкіндік береді. Алдағы жылдың екінші тоқсанында тағы қосымша 10 бейнебақылау камерасы орнатылатын болады, – деп атап көрсетілді салтанатты шара барысында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар