Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ұйқы ауруы» емес - АРҚА АЖАРЫ

«Ұйқы ауруы» емес

Красногор селолық округінің әкімі  Әсел Сәдуақасова-ның «ұйқы ауруы» диагнозы расталмады.

Биылғы жылдың 14  қаңтарында бірқатар БАҚ-тарда  Красногор селолық округінің әкімі  Әсел Сәдуақасованың  осыған ұқсас белгілермен Есіл аудандық
ауруханасына түскендігі жайлы ақпарат жарияланған еді.  Аудандық аурухананың бас дәрігері  Қабдырәшит  Әлмағамбетовтың айтуынша, оған алдын ала қойылған «Белгісіз этиологиядағы энцефалопатия» диагнозы расталмаған.
Бүгінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қасымжан Тәшметов  Астана қаласындағы республикалық клиникада  Әсел Сәдуақасованың тексеруден өткізілгенін, тексеру нәтижелері бойынша «Ұйқы ауруы» дәлелденбегенін айтып отыр. Қазір Красногор селолық округі әкімінің денсаулығы қанағаттанарлық.
Осы орайда, жаңа жылдан бастап Ақмола облысында  «ұйқылы» Калачи елді мекенінің тұрғындарын көшіру басталғанын да еске сала  кетейік. Бүгінгі таңда сегіз отбасына  жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді. Өңір басшысы Сергей Кулагиннің айтуынша, бірінші кезекте баласы бар отбасылар көшіріледі. Қаңтар айының соңына дейін 25-30 отбасын көшіру көзделген.
Облыстық ішкі саясат басқармасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар