Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маңызды буын - АРҚА АЖАРЫ

Маңызды буын

Облыстық ішкі саясат басқармасының алқа мәжілісінде өңірдің идеологиялық майданында былтырғы жылы атқарылған істер қорытындыланып, айтулы шараларға толы 2015 жылдың міндеттері пысықталды.

Аймақтағы қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен басқарма қызметкерлері қатысқан отырыс барысында Гүлжанар Шөкеева идеологиялық жұмыста басымдылық Елбасының Жолдауларын, «Мәңгілік ел» идея-сын және басқа да стратегиялық құжаттарды  жан-жақты насихаттауға  берілетіндігін атап өтті. Бұл бағытта облыста құрамына 1113 адам кіретін  20 ақпараттық топ құрылған. Осы топтар өңірдің елді мекендерінде  3111 575 тұрғынның қатысуымен кездесулер өткізген. Биылғы жыл да аса маңызды болғалы тұр. Республикалық деңгейде Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, бұдан басқа, облыстық деңгейде шығыстанушы, этнограф, географ Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы-ғалым Мәлік Ғабдуллин мен көрнекті қаламгер Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы аталып өтілгелі отыр. Осы орайда, облыстық ішкі саясат басқармасының өткен жылғы нәтижелі жұмысын, басқарманың белсене атсалысуымен 2015 жылға мерекелік шаралар жоспары мен жергілікті атқарушы билік органдарының биыл атқаратын ақпараттық-идеологиялық жұмыстар жоспарының жасалғанын да атап өткеніміз жөн. Енді аймақтағы ішкі саясат бөлімдері осы жоспар бойынша нақты міндеттерді жүзеге асыруға тиісті.
Басқармадағы қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Еркін Сейітов  өз баяндамасында өткен жылы атқарылған бірқатар істерді саралап берді. Сондай-ақ, ол Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңіс қоры – 2015» қорының құрылатынын, оған ардагерлерге көмек ретінде бір күндік жалақы аудару бойынша акцияның ұйымдастырылатындығын, «Естелік кітапқа» енгізуге барлық майдангерлер тізімі жиналатындығын алға тартты.
Біздің өңірде 8 саяси партия филиалы мен «Лад» қоғамдық-саяси қозғалысы жұмыс істейді. Үкіметтік  емес ұйымдар жайлы айтқанда, облыста азаматтық сектор жұмысының айтарлықтай жолға қойылғанын атап өткен абзал. Бүгінде тіркелген  590 қоғамдық бірлестіктің 150-і өз қызметтерін дұрыс жолға қойған. Өңірде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде осы ұйымдарды қаржыландыру сомасы да арта түсті. Қазір бұл қаражат 112 миллион теңге көлемінде. Көкшетау, Степногорск қалалары мен Ерейментау, Еңбекшілдер, Қорғалжын, Егіндікөл, Шортанды, Аршалы  аудандары бұл бағытта әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруда.
Осы орайда, қоғамдық-саяси жарнама мәселесі де назардан тыс қалмауға тиіс жайт. Облыста 734 осындай конструкция болса, оның басым бөлігі Көкшетау қаласы мен Бурабай, Целиноград, Жақсы, Зеренді, Аршалы аудандарында орналасқан. Басқарма басшысы идеологиялық жұмыстың бір көрсеткіші саналатын бұл істе салғырттыққа салынуға болмайтындығын алға тартты. Себебі, мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты мен маңызды мемлекеттік бағдарламалар жайлы ақпарат халыққа дәл осы  билборд, брандмауэр, басқа да жарнама құралдары арқылы жетеді.
Бұдан кейін баяндама жасаған қоғамдық-саяси жағдайды мониторингілеу бөлімінің басшысы Оксана Салахова алдыңғы жылмен салыстырғанда, былтыр аймақта әлеуметтік шиеленіс ошақтарының азайғандығын айтты. Мұндай жағдайлар бізде бар болғанымен, ол еңбек дауларына байланысты орын алады екен. Сондықтан да, кәсіподақтармен жұмысты жандандыру жағына басымдылық беру көзделуде.
Ал, ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Ғабит Балтабаев өңірде  97 бұқаралық ақпарат құралының тіркелгенін тілге тиек етті. Аймақта өткен жылы 55 БАҚ мемлекеттік  ақпараттық тапсырысты орындады. Жұмысты жетілдіру жайын айтқанда жаһанданудың жаңа технологияларын ескермеске әсте болмас. Аймақта құрылған «BBS – AiT»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сараптамалық орталығы бұл тұрғыдағы таптырмас көмекші болғалы тұр. Ең заманауи технологиялар арқылы жұмыс жасайтын бұл ресурстан онлайн түрінде облыс жайлы барлық электронды БАҚ-та жарияланған ақпаратты табуға болады.  Орталық директоры Жанна Ысқақова аудандардан келіп түсетін ақпараттардың көбіне талапқа сай емес, тартымсыз әрі тым шұбалаңқы болатынын алға тартты. Баспасөз қызметтеріне жеделдік те жетіспейтін көрінеді. Ол екі-үш күн, апта өткенде кез-келген жанды ақпараттың өзектілігін жоғалтатынын айтып,  тез, сапалы, қысқа да нұсқа  хабарлар беруге көшуді ұсынды.
Алқа отырысы соңында басқарма басшысы Гүлжанар Шөкеева ішкі саясаттан басқа, дін істері, жастар саясаты мәселелері басқармалары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жұмысын атқаратын аудандық ішкі саясат бөлімдеріне осы қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, Бурабай, Есіл, Целиноград аудандарының бөлім басшыларына Алғыс хаттар мен бағалы сыйлық – ноутбуктар табыс етті.  Осылайша халықпен жұмыстың ең жауаптысын орындайтын идеологиялық майдан өкілдері өз қызметтерін бұдан да жаңа, сапалы деңгейге  көтеруге уағдаласып тарасты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар