Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тілектері ескеріледі - АРҚА АЖАРЫ

Тілектері ескеріледі

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Эльмира Салықова соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу өткізіп, зейнеткерлерді толғандырып отырған мәселелерге назар аударды. Жиында қалалық әкімдіктің бірқатар бөлімдерінің басшылары хабарламалар жасады.

Бұл шара тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Орынбасар Бейсенбина Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының басым бағыттары жайлы хабардар етті. Көлік инфрақұрылымын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға орай Степногорск қаласында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында біраз шаруалар тындырылған. Қаладағы 17 білім беру ордаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ағымдағы жылы  тағы да бес нысанды жаңғырту көзделген.
Жиында сөз алған зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қалалық филиалының басшысы  Лариса Заворыкина ардагерлерге 2015 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап зейнетақы заңына енген өзгерістер жайлы баян етті. Ал, жастар ресурстық орталығының басшысы Валентина Шевелева «Дінде экстремизмге жол жоқ» атты тақырыпта хабарлама жасады. Мұнда әлемде кең етек алған экстремизм мен лаңкестік әрекеттердің орын алуы және оларға қарсы күрес жайын баян етті.
Отырыстың екінші бөлігінде сала басшылары жиналғандардың сауалдарына жауап берді. 9-шы шағын ауданының тұрғындары «Қарлығаш» балалар мекемесі мен №10 орта мектептің құрылысы бітпей  қалған сол жерлердің енді  қоқыс тастайтын жерге айналғанына қынжылыс танытты.  «Таза бейсенбі» күнін тұрақты өткізу жөнінде ұсыныс айтып, қала тазалығына немқұрайлы қарайтындарды әкімшілік жауапкершілікке тарту керектігін талап етті.
Кездесу барысында №9 шағын аудандағы емхананы сақтау, «Д» есебінде тұрған сырқаттарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерді жауапқа тарту мәселесі де әңгіме арқауына айналды. Отырысты қорытындылаған Эльмира Салықова барлық ұсыныстардың назарға алынатынын айта келе, ардагерлердің қаланың күрмеулі мәселелеріне көңіл бөліп жүргендері үшін алғысын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар