Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алдағы күндерге сенім артып... - АРҚА АЖАРЫ

Алдағы күндерге сенім артып…

 Айнакөл ауылдық округінде аудан әкімі Қуандық Еспергеновтың тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі болып өтті.

Бұл жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Шахман Құсайынов, аудан прокуроры Ерлан Ералин, облыстық мәслихат депутаты Тұрлыбек Болатов, әлеуметтік, ауыл шаруашылығы, ветеринария қызметтерінің, құқық қорғау және салық органдарының басшылары қатысты.
Бұл округ аудан орталығынан шалғай орналасқан. Осы шағын елді мекенде адамдар тату-тәтті өмір сүріп, ынтымақтаса еңбек етуде. Көпшілік алдында есеп берген Айнакөл ауылдық округінің әкімі Айгүл Тайтілеуова өткен жылы қол жеткен табыстарды әңгімеледі. Бұл күнде округ аумағында «Красноводское и К», «Алем БГ», «Астра» серіктестіктері мен  бір шаруа қожалығы жұмыс істейді. Диқан, механизаторлар 27216 гектар алқапқа дәнді дақылдар өсірумен айналысады. Сондай-ақ,  «Алем БГ»  серіктестігі шөп дайындайды.
Округ басшысы қол жеткен табыстармен бірге көкейтесті мәселелерге де тоқталды. Осы орайда, тұрғындарды  сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және жолдардың сапасы алаңдатып отыр.  Биылғы жылы да елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру мемлекеттік бағдарламаларды кезең-кезеңімен жүзеге  асыру сияқты міндеттер тұр. Ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жергілікті атқарушы билік пен шаруашылық арасында әлеуметтік серіктестік қатынастың болуы шарт. Бұл мәселе төңірегінде «Журавлевка-1» серіктестігінің  қаржы директоры Юрий Карбуни тұшымды ой толғады.  Өйткені, осы жауапкершілігі шектеулі серіктестік округ аумағында өткен жылдан бері жұмыс жасап келеді. Олар биылғы жылы көктемгі егіс алқабын  ұлғайтуды көздеп отыр. Егер бұл ойлары жүзеге асар болса,  қосымша жұмыс орындары ашылып, ауылдың инфрақұрылымының жақсаратыны сөзсіз.
Осындағы криминогендік жағдаймен Бұланды аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Ербол Молдахметов таныстырды. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап қайтарды.
Аудан әкімі Қуандық Еспергеновтың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы баяндамасын айнакөлдіктер зейін қоя тындады. Ол Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бас-тар жол» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып шешетіндігіне сенім білдірді.
Сондай-ақ, тұрғындармен кездесу Журавлевка ауылдық округінде де жалғасты. Онда ауылдық округ әкімі Александр Фролов, Бұланды аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Ербол Молдахметов, «Журавлевка-1» серіктестігінің қаржы директоры Юрий Карбуни, «Новодонецкое» серіктестігінің директоры Қазақстан Жанәділов сөз сөйледі.
Аудан басшысы Қуандық Еспергеновтың баяндамасын тыңдаған ауыл тұрғындары  көкейлерінде жүрген сауалдарын да іркіп қала алмады. Бұл жолы  жергілікті халыққа жер үлестері бойынша төлемдер жасау, Журавлевка ауылдық округіне мәдени ұйымдастырушы ставкасын беру және осындағы орта мектепке теннис үстелін алу жайы сөз болды. Жиында көтерілген мәселелер атқарушы биліктің бақылауына алынды.
Айгүл АМАНЖОЛОВА.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар