Көкшетау қалалық әкімдігінің ғимаратында шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының және қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамы, «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Шара барысында қазақстандық экспортты ілгері жылжыту бағытында бизнеске сервистік және қаржылай қолдау көрсетудің тетіктері мен бағдарламалары таныстырылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуда кедергі болып отырған кейбір басты мәселелер де сөз болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.