Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Самұрық-Қазынаның» тартуы - АРҚА АЖАРЫ

«Самұрық-Қазынаның» тартуы

Адамзат тарихындағы ең қантөгісті соғыстағы кеңес халқының Ұлы Жеңісінің 70 жылдығын атап өтетін жыл келіп жетті. Екінші дүниежүзілік соғыс отына 60 миллионнан астам адам күйді, олардың 26 миллионнан астамы – бұрынғы КСРО азаматтары.

Жеңіске жетуге біздің республикамыз да орасан зор үлес қосты. Қазақ КСР-інен майданға 1 миллион 200 мыңнан астам сарбаз аттанды. 400 мыңнан астам қазақстандық майданнан қайтып оралмады. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жыл ТМД мемлекеттері басшыларының шешімімен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы деп жарияланды.
Жеңіс күні қарсаңында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Жеңістің 70 жылдығын тойлау бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін шамамен 600 миллион теңге бөлді. Жұмыс шамамен 1,7 миллион адамды қамтитын елдегі ең ауқымды бірлестіктердің бірі болып табылатын «Қазақстан Республикасының ардагерлері ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге жүргізіледі.
«Самұрық-Қазына» АҚ соғыстың тарихынан, қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесінен, батырлардың ерліктерінің сипаттамасынан және соғыс ардагерлері туралы ақпараттан тұратын бірыңғай ақпараттық ғаламтор-платформасының жасалуын қамтитын кең ауқымды науқан өткізеді.
Аталмыш ғаламтор-платформа негізінде ардагерлердің қажеттіліктеріне қаражат жинау бойынша қайырымдылық науқанын өткізу де жоспарланып отыр. Әрбір тілек білдіруші көмек түрін таңдап, қысқа нөмірге смс жіберу немесе сайттың ұялы нұсқасы арқылы өзінің үлесін қоса алады. «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры» тарапынан осы науқан аясында ардагерлердің мұқтаждықтарына елеулі ақшалай салым жасалады.
Науқан аясында «Линия жизни» әлеуметтік бағдарламасының жүзеге асуы жалғасын табады. Оның мәні «дабыл түймелерін» сатып алып, шұғыл көмек жүйесіне барлық қазақстандық ардагерлер – Ұлы Отан соғысына қатысушыларды қосуға саяды. 2015 жылғы
1 қаңтардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында Ұлы Отан соғысының 5083 қатысушысы тұрады. Әрбір соғыс ардагері ұялы құрылғы алады. Бұл шұғыл көмек жүйесінің тиімділігін әлдеқайда арттырады. Осы жоба Ұлы Отан соғысының бірде-бір ардагері назардан тыс қалмауы үшін қолға алынуда.  Науқан Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді.
Мұнан басқа да іс-шаралар ұйым-дастырылады: 9 мамыр күні ғаламтор-платформа барлық келушілерді бүкіл респуб-лика бойынша өтетін үнсіздік минутының басталғаны туралы хабарлайтын «Үнсіздік минуты» жалпыреспубликалық науқаны,
«Еуразия» бірінші арнасының эфирінен арнаның өзі түсірген «Наша война» көпсериялы фильмінің көрсетілуі, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған жалпы республикалық фотобайқау, сондай-ақ, оқушылар арасында шығармашылық байқаулардың өткізілуі көзделіп отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар