Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұшақ апатынан аман қалды - АРҚА АЖАРЫ

Ұшақ апатынан аман қалды

2015 жылы 20 қаңтарда Жамбыл облысының Шу ауданында орналасқан «Қазақмыс» корпорациясы» серіктестігінің Шатыркүл кен орнында «АН-2» ұшағы апатқа ұшырағандығы туралы хабар барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды.

Ұшақ бортында жеті адам болған. Олардың алтауы – техникалық даму департаментінің директоры Г.Төлеубаев, «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінің бас механигі Е.Ыбыраев, осы бірлестіктің бөлім бастығы Ұ.Есмағамбетов, сондай-ақ, экипаж мүшелері: ұшақ командирі В.Клюшев, екінші ұшқыш В.Савельев және борт механигі В.Литвинов қаза тапты. Ал, апаттан аман қалған аталған бірлестіктің бас геологы Ә.Шаяхметова ауруханаға жеткізілді.
Ауыр дене жарақаттарын алып, сүйектері сынған Әсемнің жағдайы қазір ауыр болғанымен, бір қалыпты. Мұндай ұшақ апатынан аман қалудың өзі кез-келген адам баласына Алланың берген баға жетпес үлкен сыйы болса керек. Оқиға орнында өлім мен өмірдің арасында жатса да, ұялы телефон арқылы құтқарушыларға хабар беріп үлгерген 29 жастағы қыздың ерлігі арқасында тиісті қызметтер апатқа ұшыраған ұшақты бір жарым сағаттан соң тауып алған.
Қазір әуе апатынан қаза тапқандарды жерлеу рәсімдері өтуде. «Қазақмыс» компаниясы осыған байланысты шығындарды өз мойнына алумен қатар, отбастары мен туған-туыстарына қаржылай көмек көрсетуді де ойластырып отырған көрінеді. 
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар