Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атқарылған істер бар - АРҚА АЖАРЫ

Атқарылған істер бар

Наумовка селолық округінің әкімі Зәмзәгүл Шәріпова тұрғындар алдында берген есебінде  көкейкесті мәселерді де назардан тыс қалдырмады.

Бұл округ ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан үлесімен танымал. Мәселен, 2014 жылы «Хлебороб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Хлебороб-С» шаруа қожалығы 19894 гектар егістіктен 21470 тонна  астық жинаған. Мал шаруашылығында да ілгері даму үрдісі жақсы жолға қойылыпты. Мұнда 1757 бас ірі қара күтімге алынған. Шаруашылық күнде сүтті өңдеу үшін тонналап зауыттарға жіберіп отырады.
Округ әкімі есебінде өңірде жергілікті атқарушы билік пен қожалықтардың басшылары арасында өзара  тығыз қарым-қатынас орнатылғанын алға тартты. Соның бірі, Владимир Стихиляспен 9,9 миллион теңгені құрайтын меморандум болып табылады. Ал, жалпы демеушілік көмек 12 миллион теңге болған екен. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі  әлеуметтік нысандарды қолдау, елді мекендерді жарықтандыру, тұрғындардың әлеуметтік қамсыздандырылмаған топтарына көмек көрсету сияқты мәселелерді қамтиды.
Көптен бері шешімін таппай жүрген жылу қазандығы өткен жылы орнатылды.  Бұл Наумовка орта мектебі мен ауылдың мәдениет үйінде іске қосылған блок түріндегі модульдік қазандықтар. Осы мәселені шешу әр түрлі деңгейде қаралып, ұзаққа созылғаны сонша тұрғындар күдерлерін үзіп үлгеріпті. Мемлекеттің белсенді көмегінің арқасында әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етілді. Жобаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 52,6 миллион теңге қаржы бөлініпті. 
2014 жылы өңірдің қоғамдық өмірі елеулі оқиғаларға толы болды. Өрнек ауылында тұратын Мұқашевтар ұстаздар әулеті Елбасы ұйымдастырған  «Мерейлі отбасы» республикалық сайысына қатысып, жеңімпаздар қатарынан табылды. Сондай-ақ, «Хлебороб» серіктестігінің бригадирі Сейіл Әбдікәрімов «Құрмет» орденімен марапатталды.
Ауылдастары алдында сөйлеген сөзінде Зәмзәгүл Шәріпова округтің   көкейкесті мәселелерін  назардан тыс қалдырмады. Ол өңірде жол мәселесі  ақсап тұрғанын баса айтты. Бес елді мекенді облыстық маңызы бар  Ақкөл – Журавлевка жолдарымен байланыстыратын 67 шақырым күре жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін сөз етті. «Хлебороб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аталмыш жолдарды жөндеу және күту бойынша бар шаралармен айналысады. Алайда, жолды қардан тазалау, грейдерлеу жұмысы мәселені түбегейлі шешіп отырған жоқ. Әсіресе, тұрғындар қыстың боранды күндері қиындық көріп отырған көрінеді.
Кездесу соңында тұрғындар округ әкіміне өз сауалдарын қойып, ауылдың жағдайын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныс-ты. Наумовка орта мектеп-бақшасының директоры Галина Антонова жаңа жылу қазандығының іске қосылғанына қуанышты екенін жеткізді. Бүгінде мектеп оқушылары  жылы оқу сыныптарында білім алып жатыр.
Қорытынды есептік кездесу округте  іске асқан игі шаралар аз емес екенін көрсетті. Бірақ, діттеген мақсат, міндеттер осымен бітпей, халықтың әл-ауқатын оңалту мақсатында қыруар жұмыстар атқарыла беруі тиіс.

Светлана ЗИНЧЕНКО.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар