Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ хандығына арналды - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ хандығына арналды

Көкшетау қаласындағы Әдебиет және өнер музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көрме ұйымдас-тырылды.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған көрмеде аталмыш музейдің директоры Нұрбек Нұралин көрменің басты мақсатына тоқталып, оның мәні мен маңызы жайлы кеңінен әңгімелеп берді.

Қазақстан Республикасының Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі, танымал суретші Дулат Қоспанов, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері Юрий Попов, Магомед Кокурхоевтың картиналары көрермен назарына ұсынылды.  Әсіресе, Дулат Қоспановтың «Оқжетпес», «Қарасай батыр мен Ағынтай батыр», «Қыз қуу» атты картиналары қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін тамаша туындылар. Тарихи образдарға толы туындыларда қазақтың қайсарлығы, қарапайымдылығы, өжеттілігі, өрлігі, кеңдігі кеңінен суреттеледі. Ал, қолданбалы өнер шебері, белгілі мүсінші Юрий Поповтың да «Под голубым небом», «Старцы», «Дервиш. Благая весть» атты туындыларын ерекше атап өтуге болады. Автордың құм мен саздың күйдірілген қосындысынан жасаған мүсіндері де бірінен-бірі ажарлы, мазмұнды. Сондай-ақ, Магомед Кокурхоевтың «Седло», «Три сестры» картиналары да шынайы образдарға толы тамаша туындылар.
Суреттер майлы бояумен салынып, бір-бірімен үйлесім тапқандай. Қылқалам шеберлерінің картиналарын оқушылар қызыға тамашалады. Көрме барысында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Дужан Мағзұмовтың да «Таң сәрі», «Үндестік», «Түркі» туындылары жұртшылық назарына ұсынылды. «Таң сәрі» суретінде қызыл және көк бояуларды қолданған шебер композициялық тұтастықты басты мақсат етіп алған. Тағы бір айта кетерлігі, көрме барысында қонақтарды аталмыш музейдің ғылыми қызметкері Гүлзайра Сәбитова жәдігерлер залымен таныстырды. Мұнда қару-жарақтар мен ер-тұрман, әшекей бұйымдар, қолжазбалар, қазба жұмыстары барысында табылған құты мен 500 жылдық тарихы бар саптаяқ қойылған.
Әсіресе, сал-серілер бұрышында Ақтоқтының Жалмұқаннан туған баласы Сұлтанның домбырасы, сондай-ақ, Ақтоқтының «Зингер»  тігін машинасына оқушылар қызығушылық танытып, назар аударды. Ал, киіз үй бұрышында тұрмыстық бұйымдар қойылған. Мұнда да Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы мен академиясының мүшесі Ибрагим Исеновтың  картиналары  қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған суретшілердің көрмесі бір ай бойы жұртшылықтың назарына ұсынылатын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар