Кеше облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің төрағалығымен Ақмола облыстық әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық кеңестің мәжілісі болып өтті. Мәжілісте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева «Мемлекеттік ақпараттық саясатты
іске асыру: жетістіктер мен даму перспективалары» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндаманы талқылауға қатысқан бірқатар басқармалардың және БАҚ-тардың басшылары мен өкілдері ақпарат саласындағы өзара ынтымақтастық, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы, көкейтесті мәселелері мен оларды шешу жолдары туралы өз ойларымен бөлісті.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының алдында тұрған басты міндеттерге тоқталып, жақын арада Ақмола облысының өңірлік ақпараттық саясатының тұжырымдамасы қабылданатындығын жеткізді.
(Осы жөніндегі материалды газетіміздің алдағы нөмірінен оқитын боласыздар).