Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көп жайлар қамтылды - АРҚА АЖАРЫ

Көп жайлар қамтылды

Аудан әкімі Төлеген Ташмағамбетовтың қатысуымен Зеленый бор селолық округі әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуі өтіп, ауылдың жағдайы ортаға салынды.

Бұл есеп беру кездесуіне аудандық мәслихаттың хатшысы Өтелбай Бейсенов, сала басшылары қатысты. Селолық округ әкімінің міндетін атқарушы Маржан Жолдасбаева хабарлама жасап, өткен жылы атқарылған жұмыстар жайлы ой бөлісті. Үстіміздегі жылы атқарылатын іс-шаралар тұрғысында да сөз қозғады.
Жергілікті жердегі түйткіл мәселелер күн тәртібіне түскен бұл бас қосуда тұрғындар да өз мұң-мұқтаждары жайлы пікірлерін білдірді. Себебі, мұндай кездесулер жергілікті әкімнің жыл бойғы атқарған жұмысына баға беріп қана қоймайды, сонымен бірге, халықтың қамын ойлау мақсатында алда атқарылар істерді де саралайды.
Осы жолы ауылды көркейту, коммуналдық қызметтер бағаларын шектен тыс өсірмеу мәселелері де кеңінен сөз болды. Қарапайым тұрғындар ең алдымен осындай әлеуметтік мәселелердің шешілуін күтеді. Көп жағдайда тиісті коммуналдық кәсіпорындар ұсынған қызметтеріне удай баға қойып, халықты қанайтыны да еш жасырын емес.
Міне, осы өзекті мәселелер аудан әкімі Төлеген Ташмағамбетов қатысқан кездесуде баса айтылды. Өз кезегінде тұрғындардың бұл мұң-мұқтажы ескеріліп, тиісінше бақылау жасалатыны аталып көрсетілді.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар