Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Келесі жылу маусымына бүгіннен дайындалу керек - АРҚА АЖАРЫ

Келесі жылу маусымына бүгіннен дайындалу керек

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде өткен жылғы бюджеттің орындалуы және әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары, сондай-ақ, алда  тұрған  міндеттер жан-жақты сөз болды.

Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Нина Дьячек, облыс әкімінің орынбасарлары, қала, аудан әкімдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары, ұлттық компаниялар филиалдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мәжілісте өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді саралап баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров былтыр облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі 295,6 миллиард теңгені құрағанын атап өтті. Өңірдің алтын, кірпіш және пластмасса өндірісінің көлемі артты. Дегенмен, облыс орталығы мен Ерейментау, Жарқайың, Атбасар, Целиноград, Еңбекшілдер аудандары керісінше, саланың алдыңғы жылдардағыдан құлдырауына жол берген. Ал, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде былтыр облыста он жоба іске қосылды. Ол құрылыс материалдарын өндіру, азық-түлік, жиһаз өндірісі және химия өнеркәсібі салаларындағы өндіріс орындары болып отыр.
Аграрлық аймақ саналатын біздің облыс-та  өткен жылы 238,8 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Оның ішінде жекелей алғанда мал және егін шаруашылығы мемлекеттік бағдарламалардың аясында өркендеп келеді. Бұл Астана қаласының маңында азық-түлік белдеуін құруға да оң ықпал етіп отыр. Аймақтың 128 тауар өндірушісінің өнімдері Елордадағы базарлар мен дүкендерде саудаланады. Бүгінде бас қаланы облыс сүтпен 40, етпен 46 және жұмыртқамен 100 пайыз қамтамасыз етіп отыр.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтуды көздейтін «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 31 жоба іске асырылуда десек, былтыр Атбасар ауданындағы Новомариновка, Шұңқыркөл ауылдары мен Зеренді ауданының Айдарлы елді мекенінде су мәселесі толығымен шешілді. Ал, тұрғындарды баспанамен қамтуда Жарқайың, Есіл, Зеренді, Сандықтау, Аршалы аудандары көш соңында келе жатыр. 
Әлеуметтік салада өткен жылы өңірде 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл тұрғыда 4,3 миллиард теңге көлеміндегі қомақты қаражат жұмсалған «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының орны ерекше. Жалпы, облыстағы жұмыссыздық деңгейі бүгінде бес пайызды құрап отыр. Білім беру саласында өткен жылы төрт мектеп пайдалануға берілді. Ал, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуда бөркімізді аспанға атар күн әлі туа қойған жоқ. Бұл көрсеткіш өңірде 58,4 пайызды құрайды. Облыс орталығы мен Астрахан ауданы бала бақша кезегінде тұрған балақайлардың көптігі жағынан көш бастап тұр.
Бұдан кейін баяндама жасаған облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов былтырғы жылғы бюджеттің игерілуін тілге тиек етті. Оның айтуынша, жыл қорытындысы бойынша облыс қазынасының кірісі 45 640,7 теңгені құрады. Дегенмен, бұл тұрғыдағы межелі  көрсеткішті облыс орталығы мен Еңбекшілдер, Шортанды аудандары орындай алған жоқ.  Республикалық бюджет трансферттерін толық игермеу жағынан Көкшетау қаласы, Бұланды, Целиноград, Аршалы аудандары мен ауыл шаруашылығы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармалары өзге өңірлердің алдында келеді. Облыстық бюджет трансферттерін де облыс орталығы мен Ерейментау, Целиноград, Аршалы, Шортанды аудандары өз деңгейінде игере алмаған.
Осы орайда, Шортанды, Жақсы, Аршалы аудандарының әкімдері Гүлнұр Сәдуақасова, Қанат Сүйіндіков, Жомарт Нұркенов пен Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алма Омарова  сөз алып, былтырғы жылы өз өңірлерінде әлеуметтік-экономикалық салада қол жеткізген жетістіктерін баяндады.
Денсаулық саласында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы өңірде сәтті жүзеге асырылуда деуге болады.  Аймақта туберкулез, қан айналымы жүйесінің аурулары, қатерлі ісік пен осы дерттер салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайып отыр. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақкөл, Аршалы, Еңбекшілдер, Жарқайың аудандарында емханалардың, Аршалы, Целиноград аудандарында медициналық пункттердің құрылысы аяқталған. Қазір Аршалы ауданында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүргізілуде. Осы жайды баяндаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қасымжан Тәшметов былтыр өңірге 69 жас медицина қызметкерінің келгенін, дегенмен, мұнымен кадрлар тапшылығы толық шешілмегенін айтты. Бұл мәселені толық шешу үшін аймақ түлектерімен тілдескен басқармадағылар 150-ден астам жастың дәрігер болуға ниетті екенін анықтаған. Бүгінде қала, аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, оның отызының оқу ақысын төлеу жолдарын тапса, қалғандары бойынша да жұмыс жүргізілуде. Өңір басшысы бұл істе бармақ басты, көз қыстылыққа салынып, шенеуніктердің өз таныстарын тықпаламауын қатаң тапсырды. Мұндай мүмкіндік тек көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларына ғана берілуі керек. Ол сондай-ақ, әкім қаралар мен салалық басшылардың Астана мен облыс орталығына сабылмай, өз аудандарында ем қабылдағандары жөн екенін айтты. Себебі, бұл да сол жергілікті жерлердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға сеп болар еді.
Жиынды қорытындылаған облыс басшысы министрліктермен, ондағы департаменттердің басшыларымен байланысты нығайтуды тапсырды. Солар арқылы  қажетті қаржы мәселесін тез арада шешуге мүмкіндік мол.
– Бізге қажет екен деп қайта-қайта ешкім де қаржыны бөле бермейді. Сондықтан да, әр тиынды үнемдей білуіміз қажет. Қазірден бас-тап алдағы жылдың қысынан қалай шығуды ойластыруымыз керек. Келесі  жылу маусымына дайындық біз қолға алар шаруаның басы болсын, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Өңір басшысы қарамағындағылардан тың ұсыныстар мен жобалар күтетінін де жасырмады.  Қала, аудан әкімдері сол аумақтағы мәселенің бәрін бес саусақтай біліп отырулары қажет. Жыл аяғында жоспардың орындалуы сұралғанда, істің сотта жатқандығы, жобалық-сметалық құжаттарды уақытында дайындап үлгермеу сияқты анау-мынау сылтаулар қабылданбайтын болады. Сергей Кулагин шаруаның жайын білмей, «қалғып» отыратын басшылардың қажет еместігін қадап айтып, әкімдерге қарамағына тамыр-таныстарды емес, нақты өз ісінің білгірлерін жинауды тапсырды. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болатыны сөзс

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар